Коронавирус: Індеттің беті қайтатын түрі көрінбейді
АСТАНА. 18 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 283 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, жалпы саны 6440-қа жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Соңғы күндері Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы қарқын өте жоғары болып тұр. Тәулік ішінде Қарағанды облысы да қатты серпіліс жасап, Қызылорда облысын 6-орыннан ығыстырып шығарды.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 283 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Атырау облысы – 86, Шымкент қаласы – 60, Алматы қаласы – 46, Астана қаласы – 20, Түркістан облысы – 19, Қарағанды облысы – 18, Батыс Қазақстан облысы – 13, Маңғыстау облысы – 8, Павлодар облысы – 3, Алматы облысы – 3, Жамбыл облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Қызылорда облысы – 1, Ақмола облысы – 1, Қостанай облысы – 1.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1848, Астана қаласы – 1251, Атырау облысы – 627, Шымкент қаласы – 404, Батыс Қазақстан облысы – 323, Қарағанды облысы – 250, Қызылорда облысы – 246, Ақтөбе облысы – 228, Түркістан облысы – 222, Алматы облысы – 209, Жамбыл облысы – 205, Павлодар облысы – 165, Маңғыстау облысы – 161, Ақмола облысы – 126, Қостанай облысы – 79, Шығыс Қазақстан облысы – 58, Солтүстік Қазақстан облысы – 38.
Осы кезге дейін 3256 адам жазылып шықты, 34 адам қайтыс болды.
Көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең таратылатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.