ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 5850-ге барды

АСТАНА. 16 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 161 вирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 5850-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 161 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Атырау облысы – 32, Астана қаласы – 26, Алматы қаласы – 20, Қызылорда облысы – 13, Шымкент қаласы – 12, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 9, Қарағанды облысы – 7, Павлодар облысы – 7, Маңғыстау облысы – 6, Қостанай облысы – 4, Ақмола облысы – 2, Түркістан облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1.

Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1709, Астана қаласы – 1199, Атырау облысы – 506, Батыс Қазақстан облысы – 288, Шымкент қаласы – 267, Қызылорда облысы – 245, Ақтөбе облысы – 224, Қарағанды облысы – 219, Жамбыл облысы – 201, Алматы облысы – 201, Түркістан облысы – 197, Павлодар облысы – 162, Маңғыстау облысы – 147, Ақмола облысы – 116, Қостанай облысы – 76, Шығыс Қазақстан облысы – 57, Солтүстік Қазақстан облысы – 36.

Осы кезге дейін 2854 адам жазылып, 34 адам қайтыс болды.

Көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button