Коронавирус: Қызылорда облысынан басып озғандар көбейді
АСТАНА. 11 мамыр. Өткен тәулік ішінде вирустың тарауы жөнінен Қызылорда облысының алдына түскендер саны тағы арта түсті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Қазақстанда өткен тәулік ішінде вирус жұқтырудың 90 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 5126-ға жетті.
Бұдан үш-төрт күн бұрынға дейін Қызылорда облысы вирус жұқтырушылар саны жөнінен Қазақстанда көп уақыт бойы алғашқы «үштікті» тиянақтап келген еді. Соңғы аптада бұл көрсеткіш бойынша оның алдына әуелі Атырау облысы, содан кейін Батыс Қазақстан облысы түсіп кетті, ал өткен тәулікте сырбойылықтарды басып озғандар легіне Шымкент қаласы келіп қосылды. Сонымен, Қызылорда облысы сырғып, 6-орыннан бір-ақ шықты.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарынан Қызылордадан бөлек, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстары да табылды.
Ал кешегі түстен бүгінгі таңертеңгі 09:25 сағатқа дейін тіркелген 90 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Астана қаласы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 13, Алматы қаласы – 19, Маңғыстау облысы – 8, Атырау облысы – 6, Түркістан облысы – 6, Шымкент қаласы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Алматы облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Ақмола облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Қостанай облысы – 1.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1590, Астана қаласы – 1074, Атырау облысы – 302, Батыс Қазақстан облысы – 252, Шымкент қаласы – 233, Қызылорда облысы – 229, Қарағанды облысы – 191, Алматы облысы – 183, Түркістан облысы – 180, Жамбыл облысы – 179, Ақтөбе облысы – 172, Павлодар облысы – 154, Маңғыстау облысы – 128, Ақмола облысы – 110, Қостанай облысы – 62, Шығыс Қазақстан облысы – 51, Солтүстік Қазақстан облысы – 36.
Келесі дерек: Осы кезге дейін 1941 адам жазылып шығып, 31 адам қайтыс болды.
Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Алматы қаласы – 418, Астана қаласы – 404, Қызылора облысы – 161, Шымкент қаласы – 130, Атырау облысы – 113, Батыс Қазақстан облысы – 96, Қарағанды облысы – 96, Ақмола облысы – 90, Жамбыл облысы – 84, Түркістан облысы –76, Алматы облысы – 70, Павлодар облысы – 63, Ақтөбе облысы – 54, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Қостанай облысы – 28, Маңғыстау облысы – 16, Шығыс Қазақстан облысы – 13.
Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.