Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Ханбабаева: Қызыма ТВ емес, өзім тәрбие беремін

БАҚЫ. 7 мамыр. Әзербайжаннның халық әртісі, әнші Зулфия Ханбабаева қызын телеэфир емес, өзі тәрбиелеуге тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Oxy.az сайты хабарлады.

Өнер жұлдызы Instagram-ның тікелей эфирінде осыны айтты.

«Мен қызымды кеш босандым. Дениздің жасы қазір 12-де. Кейде маған өзімді естен тандыратын сұрақтар қойылып жатады. Балалар тәрбиені көшеден емес, үйінде алуы тиіс. Біреулер шоу-бизнестің жұлдыздары балалары үшін үлгі болуға тиіс деп жатады. Бірақ мен өзім бұған әлі пісіп-жетілген жоқпын. Қызымды телеэфир емес, өзім тәрбиелеуім керек», – деді ол.

Әнші өз сөзінде карантин күндерін өз отбасымен бірге саяжайда өткізіп, бәрінен бұрын қызы Денизге көбірек көңіл бөлгенін жеткізді.

«Мен отырудан жалығып кеттім деп айта алмаймын. Өмір өз ағымымен жүріп жатыр. Бес жылдан бері қаланың сыртында тұрып келемін. Уақытымның көбін қызым Денизге арнаймын. Карантинге дейін де солай болған. Мен бүгінгі өмірімді өз балама арнаймын», – деді Зулфия Ханбалаева оқшаулану кезінде не істеп жатқаны жайлы сұраққа жауап беріп тұрып.

Әртіс өзге әріптестері тәрізді спортпен емес, бағбандықпен шұғылданатынын айтты.

«Спортпен айналысамын деп, салған жерден өтірік айта алмаймын. Менің оған уақытым да жоқ. Мен бір орында отыра бергенді қаламаймын. Сосын аулаға шығып, әлдене егіп, баптаймын. Бір сөзбен айтқанда, мен үйде қарап отырмаймын. Әлбетте, бұл күндері өз шығармашылығыма де көңіл бөліп тұрамын», – деді әнші соңынан.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button