19 Қараша, 00:11
RAST.kz
USD USD 444.16 ₸
EUR EUR 487.29 ₸
RUB RUB 5.4 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

17 Қараша 2026 21:04
- Жаңалықтар, Қайнар
Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 қараша. Бүгін, Қызылордада 17 қараша – Халықаралық студенттер күнінде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік»тақырыбында студенттерге лекция оқыды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақ басшымы алдымен студенттердің ғылыми жобалары көрмесімен танысты.

Облыс әкімі студенттік шақ арманды айқындайтын, қабілетті танытатын, өмірлік бағытты таңдайтын уақыт екенін атап өтіп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы жас ұрпақтың рөліне тоқталды.

«Сіздердің алдарыңызда бүкіл әлем ашық. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтудеміз. Сіздер – Тәуелсіз Қазақстанның төл перзентісіздер, Тәуелсіздікпен бірге өстіңіздер. Еліміздің басты капиталы – адам, білімді ұрпақ, ғылым мен технология, еңбек өнімділігі және жаңашылдық», –деді Мұрат Ергешбаев.

Лекцияда жасанды интеллект, цифрландыру, жаңа мамандықтар және еңбек нарығындағы өзгерістер кеңінен қамтылды. Облыс әкімі жаңа технологиялардың адам мүмкіндіктерін кеңейтіп, еңбек өнімділігін арттырудағы рөліне тоқталды. Кәсіби біліммен қатар сыни ойлау, коммуникация, деректерді талдау және үздіксіз іздену дағдыларын меңгерудің маңызын түсіндірді.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Бұл шешімнің мәні – жасанды интеллект жеке бір саланың жаңалығы емес, жалпы экономикалық және қоғамның дамуына әсер етеді. Қазір еліміздегі цифрландыру бағытындағы жаңалыққа көрші елдер, тіпті алыс шетелдіктердің өзі зор қызығушылық танытады. Құжат рәсімдеу үшін кезекке тұрмаймыз, банкте шот ашу үшін бір батырманы басу жеткілікті. Осының барлығы – еліміздің жетістігі», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Бұдан бөлек, су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мониторинг, ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу секілді бағыттардың өзектілігін атап өтті. Бұл мәселелерді шешуде университет ғалымдары мен студенттердің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану қажет.

Лекцияға «Таза Қазақстан», «Адал адам», «Заң мен тәртіп» қағидалары, жастардың азаматтық жауапкершілігі, қоғамдық тәртіп, цифрлық қауіпсіздік, кітап оқу мәдениеті мен салауатты өмір салты да арқау болды.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласып, білім, ғылым және түрлі саладағы жетістіктерімен ерекшеленген студенттер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Таңбалар: лекцияМұрат Ергешбаевстуденттер күні

Ұқсас мақалалар

Қызылордада құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Жаңалықтар

Қызылордада құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

28.10.2026
Қызылордада Қарттар күніне орай қарияларға тиісті құрмет көрсетілді
Аймақ

Қызылордада Қарттар күніне орай қарияларға тиісті құрмет көрсетілді

01.10.2026
Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты
Аймақ

Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты

28.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

    Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 444.16 ₸
EUR EUR 487.29 ₸
RUB RUB 5.4 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist