14 Қараша, 03:11
RAST.kz
USD USD 444.3 ₸
EUR EUR 490.91 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

13 Қараша 2026 17:13
- Әлеумет, Жаңалықтар
Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ӘЙТЕКЕ БИ. 13 қараша. Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ тарихында өшпес із қалдырған даңқты қолбасшы, мемлекет қайраткері Жалаңтөс баһадүр Сейтқұлұлының туғанына 450 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен тағылымды шара «Тұран жолбарысы атанған әмір» деп аталды.

Оған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, еліміздің әр өңірінен келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, Жалаңтөс баһадүрдің ұрпақтары мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Конференцияда облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай сөз сөйлеп, облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың аудан жұртшылығына арналған арнайы құттықтауын оқып берді. Өз сөзінде мерейтойдың тарихи маңызына тоқталып, Жалаңтөс баһадүрдің ел тарихындағы орны мен ұрпаққа қалдырған өнегесін атап өтті.

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов конференцияға қатысушыларды даңқты датамен құттықтап, Жалаңтөс баһадүрдің қазақ халқының тарихындағы айрықша орнын, қолбасшылық қабілеті мен мемлекет басқару ісіндегі қайраткерлігін кеңінен дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Тарихи тұлғаның өмірі мен мұрасын терең зерттеу, оны жас ұрпаққа таныту – баршамызға ортақ міндет екенін жеткізді.

Тағылымды жиында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев «Жалаңтөс батыр және XVI–XVII ғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азия тарихының мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Берік Жүсіпов батырдың эпикалық мұрадағы бейнесіне тоқталды. Ал тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас Жалаңтөс баһадүрдің архитектуралық мұралары жөнінде ой өрбітті.

Сонымен қатар филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева тарихи тұлға туралы деректер мен көркем шығармалардағы бейнесінің сабақтастығын ғылыми тұрғыдан саралады.

Конференция барысында Жалаңтөс баһадүрдің әскери қолбасшылық қызметі, саяси қайраткерлігі, Самарқан қаласының дамуына қосқан үлесі, сәулет өнеріндегі мұрасы және Орталық Азия тарихындағы орны жан-жақты талқыланды. Қатысушылар батырдың тарихи тұлғасын терең зерделеу, ғылыми деректерді жүйелеу және оның мұрасын кеңінен насихаттау бағытындағы пікірлерін ортаға салды.

Жиынның маңызды сәттерінің бірі – жазушы, тарих зерттеушісі Бегімбай Ұзақбаевтың «Жалаңтөс баһадүр» атты тарихи романының тұсаукесер рәсімі болды. Кітапта Орталық Азия тарихында өзіндік із қалдырған Жалаңтөс баһадүр Сейтқұлұлының өмірі мен ерлік жолы, ел басқарудағы қайраткерлігі көркем тілмен баяндалған.

Бұдан бөлек, конференция аясында республикалық «Жалаңтөс баһадүр» қорының президенті Нәжмадин Мұсабаев сөз сөйлеп, баба мұрасын ұлықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызына тоқталды. Өзге де ел ағалары мен қонақтар тағылымды ой-пікірлерін білдірді.

Конференция соңында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Жалаңтөс баһадүрдің 450 жылдық мерейтойына еліміздің әр өңірінен арнайы келген бірқатар азаматтарға батырдың 450 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медаль табыстады. Бұл – тарихи тұлғаның есімін ұлықтауға, оның мұрасын дәріптеуге үлес қосқан азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі.

Айта кетейік, Жалаңтөс баһадүр Сейтқұлұлы (1576–1656) – қазақ тарихындағы көрнекті қолбасшы әрі мемлекет қайраткері. Ол Самарқанд қаласының саяси өмірінде маңызды рөл атқарып, әйгілі Регистан сәулет кешеніндегі «Шердор» медресесінің салынуына бастамашы болған тарихи тұлға ретінде белгілі.

Бүгінде Қазалы ауданында баһадүр есімін ұлықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жалаңтөс баһадүр атындағы ауыл, көшелер, кенттегі орталық стадион, батырдың кесенесі мен еңселі ескерткіші – соның айқын дәлелі.

Тағылымды конференция Жалаңтөс баһадүрдің тарихи мұрасын тереңірек танып, ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың есімін ұрпақ жадында жаңғыртуға бағытталған маңызды басқосу болды.

 

Таңбалар: Жалаңтөс Баһадүрконференцияқазалы

Ұқсас мақалалар

Ұлтымыздың ұлағатын ұлықтаған ұраншы
Әлеумет

Ұлтымыздың ұлағатын ұлықтаған ұраншы

22.09.2026
Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады
Жаңалықтар

Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады

28.08.2026
Қазалыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мәжіліс мәселе талқылады
Жаңалықтар

Қазалыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мәжіліс мәселе талқылады

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • СЫРБАЗ

    СЫРБАЗ

  • АРАЛ, НҰРТУҒАН, НЕГИМОВ ЖӘНЕ АМАНЖОЛ…

  • Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

  • Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

  • Трампты қандай тағдыр күтіп тұр?

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 444.3 ₸
EUR EUR 490.91 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist