14 Қараша, 03:11
RAST.kz
USD USD 444.3 ₸
EUR EUR 490.91 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлтымыздың ұлағатын ұлықтаған ұраншы

алғашқы кеңестік журнал – «Ақиқат» 105 жылдығын тойлады

22 Қыркүйек 2026 17:10
- Әлеумет, Жаңалықтар
Ұлтымыздың ұлағатын ұлықтаған ұраншы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ақиқат» журналының 105 жылдығына арналған «Заман мен зиялы мінбері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Жиынға қатысушылар ең алдымен кітапхана фойесінде қанат жайған «Ақиқат» журналының тарихы жөнінен сыр шертетін көрмемен танысты.

Конференцияны «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Ержан Байтілес сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.

Бұдан әрі ресми құттықтауларға кезек берілді. Соның алғы сапында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді.

«Бұл тарихи меже – тұтас ұлт руханиятының тағылымды шежіресі, өнегелі басылымның бірегей жылнамасы. «Ақиқаттың» әр парағында халқымыздың тағдыры мен елдік мұраты хатталды. Басылым бетінде Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин бастаған ұлт зиялыларының бірегей туындылары жарияланды. «Aqiqat» қай кезеңде де елдік мүддені бәрінен биік қойып, әдебиетіміз бен мәдениетімізді дәріптеді, ұлттық сана мен қоғамдық ойдың өрісін кеңейтуге қалтқысыз қызмет етті. Қазіргідей оқырман талғамы өзгеріп жатқан кезеңде байыпты сөздің, терең талдаудың, парасатты пайымның қадірі бұрынғыдан да арта түскені анық», – делінген Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтау хатында.

Келесі ретте Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжановтың құттықтау хаттары оқылды.

Конференцияда «Aqiqat» журналы бас редакторының орынбасары Дина Имамбай журнал тарихы туралы баяндама жасады. Ол өзінің алдына ұлттың ұлағатын ұлықтап, халықтың санасын оятуды басты мақсат етіп қойған бүгінгі «Ақиқат» қоғамдық-саяси басылымы бастауын 1921 жылғы 15 қыркүйекте Орынборда жарық көрген «Қызыл Қазақстаннан» алатынын атап өтті. Ұлттың ұраншы үнжариясы сол міндет үдесінен көріне білген. Журналдың алғашқы редакторы болған мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Абдолла Асылбеков ұжымды ортақ іске жұмылдыруға көп еңбек сіңірген. Редакцияда әр жылдары басшылық еткен Ерғали Алдоңғаров, Нығмет Нұрмақов, Смағұл Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов сияқты тұлғалар айналасына сол кездегі ұлт зиялыларын топтастырған. Ал кейінгі жылдары Құрманбек Сағындықов, Мұқан Мамажанов, Кәкімжан Қазыбаев, Камал Смайылов, Сарбас Ақтаев, Жұмабек Кенжалин, Ахат Жақсыбаев, Нұрмахан Оразбек, Темірхан Медетбек,  Мұхитдин Салқынбаев, Аманхан Әлімұлы сол алдыңғы толқындағы ел ардақтыларының қолтаңбасы қалған басылымды өз заманына лайықты ұлт баспасөзіне айналдыра білді.

Жиында Ұлттық кітапхана қызметкері Ертай Біләл «Ақиқат» журналында жарияланған материалдарды электронды нұсқаға көшіру бағытында жүріп жатқан жұмыстардың жайымен таныстырып, алдағы жоспарлар жобасына тоқталды.

Президент жанындағы ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, журнал ардагері Жанболат Аупбаев, тарихшы Хангелді Әбжанов журналға қатысты пікірлерін білдіріп, естіліктерін айтып берді..

Конференцияда басылым тарихына арналған «Алаштың «Ақиқаты» атты кітаптың таныстырылымы жасалды. Оның тұсаукесерін журналдың бұрынғы редакторы Сарбас Ақтаев, белсенді авторы, ғалым Әбдіжәлел Бәкір және басылымның қазіргі бас редакторы Дәуіржан Тілеубаев жүргізді.

Жиын соңында Ержан Байтілес журналдың ардагерлері мен қазіргі қызметкерлеріне басылымның мерейтойлық медалін тапсырды. Ол Сарбас Ақтаевқа сонымен қатар «Парламентке 30 жыл» медалін де табыс етті.

Таңбалар: 105 жылАқиқатжурналконференция

Ұқсас мақалалар

Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті
Әлеумет

Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

13.11.2026
Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады
Жаңалықтар

Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады

28.08.2026
Қызылордада Әуелбековке арналған ғылыми конференция өтті
Жаңалықтар

Қызылордада Әуелбековке арналған ғылыми конференция өтті

19.11.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • СЫРБАЗ

    СЫРБАЗ

  • АРАЛ, НҰРТУҒАН, НЕГИМОВ ЖӘНЕ АМАНЖОЛ…

  • Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

  • Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

  • Трампты қандай тағдыр күтіп тұр?

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 444.3 ₸
EUR EUR 490.91 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist