КИЕВ. 15 қазан. Украина президенті Володимир Зеленьский Ақ үйдің айтағы бойынша елді басқыншы жаудың табаны астына салып бере сала алмайтынын, мұның «барып тұрған ақымақтық» екенін айтты. Бұл туралы Minval.az ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Украина АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекеттері мен мәлімдемелеріне байланысты капитуляция жасамақ емес», – деді Украина мемлекетінің басшысы.
Ол мұны The Atlantic басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Президент Уашингтонның мұндай жымысқы әрекеттері Киевті бейбітшілікке басқаша жол іздеуге мәжбүр етуі мүмкін екеніне назар аударды.
Мәтбұғат мәнбесі украин лидерінің «Бұл – ақымақтық, мен оларға мұны кімдердің айтатынын білмеймін» дегенін баяндайды.
Украина президенті Володимир Зеленский сонымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинмен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келуі өздерінің соғыста жеңіске жету үмітін үзіп, Киевті стратегиясын қайта қарауға мәжбүр етті деп санайды.
«Егер АҚШ Ресейдің жағында болса, бізде жанжалдан бас тартып, бейбітшілік орнатудан басқа таңдау қалмайды», – деп, The Atlantic ресейлік нысандарға соққы беру жоспарын жасауға қатысқан украин шенеуніктерінің бірінің сөзін келтіреді.
Басылым сұхбаттасушысының айтуынша, Киевтегілер қазір Ресейдің экономикалық қиындықтарға ұшырап, күйрейтініне және Мәскеудің жеңілдіктер жасауға мәжбүр етуге апаратынына сенбейді.
«Ресей, кем дегенде, қазір құлдырамайды», – деді шенеунік Украинаға соғыс жүргізу тәсілін өзгерту керек екенін айтты.
The Atlantic атап өткендей, Трамптың Ресей дизель отынын сатып алу туралы келісімі Украинаның Мәскеуге экономикалық қысым жасау стратегиясын қиындатады. Енді Украина басшылығы американдық қолдаумен белгісіздік жағдайында қақтығысты жалғастыру мен бейбіт келісімге жол іздеуді таңдауы керек.
USD




