17 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15 Қазан 2026 12:55
- Әлеумет, Жаңалықтар
Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕРЛИН. 15 қазан. Бүгін Германия астанасы – Берлин қаласында Республика күніне орай Сыр елінің өнер шеберлері мерекелік концерт қойды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шапағатты шараға Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов, елшіліктің, қазақ диаспорасының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ Берлинде тұратын отандастарымыз бен жергілікті мәдениет жанашырлары қатысты.

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени шараның мақсаты – қазақ халқының бай рухани мұрасын, ұлттық өнері мен мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде таныстырып, Сыр өңірінің өнерін шетелдік көрерменге насихаттау.

Шығармашылық делегация Берлин төрінде ұлттық өнерімізді ұлықтап, қазақ мәдениетінің байлығы мен өзіндік болмысын танытты. Концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, Мәдениет саласының үздіктері Серік Жақсығұлов (жоғарыданы суретте), Марат Сүгірбай, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Айдос Шадаев, Гүлназ Нағашыбай, Ринат Үсенов, Аружан Төреғали және Рано Сабанқұлова өнер көрсетті. Ал «Томирис» би ансамблі ұлттық хореографияның озық үлгілерін ұсынып, кештің көркін аша түсті.

Концерт шымылдығы қазақ халқының рухани мұрасының символына айналған Қорқыттың күйімен ашылды. Кеш бағдарламасына жыраулық өнердің жауһарлары, халық әндері, ән-айтыс үлгілері мен патриоттық әндер арқау болды. Ұлттық өнердің сан қырын танытқан мазмұнды бағдарлама халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өнер сабақтастығын айшықтады.

Мәдени шара аясында қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, халқымыздың қонақжай дәстүрі мен дастархан мәдениеті де таныстырылды. Бұл келушілердің қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына деген қызығушылығын арттыра түсті.

Сыр өнерпаздарының сапары – ұлттық мәдениетімізді халықаралық кеңістікте дәріптеуге, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның мәдени әлеуетін танытуға бағытталған маңызды қадам. Қазақтың әні мен күйін шетел төрінде әуелеткен өнер иелері Сыр елінің рухани байлығын паш етіп, ұлттық өнеріміздің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өнерпаздар берлиндік көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Таңбалар: БерлинҚызылорда облысыөнер шеберлері.

Ұқсас мақалалар

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026
«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
Әлеумет

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде

12.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist