17 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

8 Қазан 2026 23:05
- Дәулет, Жаңалықтар
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 8 қазан. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйін барып көрді. Бұл туралы Үкімет мәтбұғат қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алматы қаласына және Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық қор қаржысына салынған ірі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және коммуналдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Жұмыс сапары кезінде Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспары таныстырылды. Жоспарда терминал және ұшу-қону инфрақұрылымын жаңғырту, жаңа рульдеу жолағын, жүк перронын салу және сервистік нысандарды дамыту көзделген.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматыға биылғы мамыр айындағы сапарында қала әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге әуежайдағы жұмыс сапасын, оның талаптарға сай келмейтін кемшін тұстарын сынға алып, мердігер мекемеге нақты міндеттер жүктеген болатын. Осы жолы сол кезде берілген тапсырмалардың орындалу деңгейіне баса назар аударылды.

Бұдан кейін Бірінші вице-премьер 8 шақырымдық Р-17 «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» автожолының төрт жолаққа дейін кеңейтілуі жоспарланған аумақты, «Алматы – Бішкек» автожолының 7 шақырымын қайта жаңғырту жобасын қарап шықты. Мұнда жол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіліп, екі жолайрық және тоғыз жерүсті жүргінші өткелі салынады. Жоба Алматы мен қала маңындағы негізгі бағыттардың бірінің көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол инфрақұрылымының мүмкіндігін кеңейтеді.

Келесі нысан «Қалқаман» шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана болды. Ол жаңартудан кейін 900 орынға жеткізіледі. Жоба аурухана корпустары мен инженерлік жүйелерін жаңартуды, құрылымдарды күшейтуді және заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қамтиды.

Нұрлыбек Нәлібаев республикалық бюджет қаражаты мен алдағы жылға жоспарланған қаржыландыруды ескере отырып, қаланың денсаулық сақтау саласына 196 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы қаражаттың 60–70%-ын дәл осы денсаулық сақтау нысандарын салуға бөлуді тапсырды, өйткені халыққа бірінші кезекте заманауи медициналық инфрақұрылым қажет. Енді осы қаражатты игеріп, барлық жұмысты дер кезінде аяқтап, нысандарды халық игілігіне беру керек. Бұл – Премьер-министрдің де бақылауындағы аса маңызды жобалар», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сапар барысында Саин көшесін Алматы қаласының шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасы да қаралды. Жаңа аумақтың ұзындығы 6,6 шақырым, жоба бойынша жол, инженерлік коммуникациялар және теміржол үстінен өтетін жол өткелі салынады. Бұл қаланың Қарасай ауданымен және ҮАААЖ арқылы көлік байланысын жақсартады.

Бүкіл агломерация үшін маңызы бар тағы бір жоба – Алматының батыс кәріз коллекторы. Негізгі учаскенің ұзындығы 35 шақырым, бүгінде 17,9 шақырым құбыр тартылған. Жоба аяқталғаннан кейін Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аумақтарының шамамен 200 мың тұрғыны орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Бұдан кейінгі нысан – 3,4 шақырым Абай даңғылын ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жобасы. Оның мақсаты – жол, Ақсай өзені арқылы көпір және ҮАААЖ үстінен жол өткелін салу. Жаңа аумақ Алматыдан шығатын қосымша бағыт қалыптастырып, Қарасай ауданымен көлік байланысын тиімді етеді.

Алматының әлеуметтік нысандарымен танысу Сейфуллин көшесіндегі 155 орындық №1 қалалық перзентханаға және Әйтеке би көшесіндегі бір ауысымда 500 келуші қабылдауға есептелген емханаға барумен жалғасты.

Аталған нысандарда тек қала тұрғындарына ғана емес, бүкіл агломерацияға қызмет көрсетіледі.

Таңбалар: Алматыірі жобаларНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026
Үш күндік семинарда жергілікті жолдар сапасын арттыру шаралары қаралды
Дәулет

Үш күндік семинарда жергілікті жолдар сапасын арттыру шаралары қаралды

03.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist