АСТАНА. 27 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін таңертең Айдос Мырзахметовті Қорғаныс министрі етіп тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Президент Жарлығымен алдымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын. Ол 2024 жылдың 8 маусымынан бері осы қызметті атқарып келді.
Айдос Мырзахметов 1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында туған.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери академиясын үздік аяқтаған, 2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.
Кейінгі жылдары ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел және командалық даярлық бойынша бірқатар курста оқыған.
Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.
2024 жылғы қаңтарда Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
2022 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. 2026 жылы мамыр айында оған жоғары әскери шен – генерал-майор әскери атағы берілген.
USD




