АСТАНА. 22 қыркүйек. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев № 1474 Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rasr.kz хабарлайды.
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 5-бабы 1) тармақшасына сәйкес шығарған Кеңес құрамына 126 адам енгізілгені атап көрсетілген. Олар 4 жыл қызмет атқарады. Жалпы өкілдік үш бағыт бойынша құралады. Этномәдени бірлестіктерден – 42 мүше, ірі қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардан – 42 мүше, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 42 мүше қамтылған.
Енді қоғамдық, өңірлік және этномәдени мүдделер оқшауланбай, біртұтас жалпыұлттық тұрғыда қаралады. Президент бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге де қол қойды. Ол 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді. Жаңа Конституция жобасына сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесі ел мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болады.
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы мынадай:
- Аймұрзаева Раушан Нұрғалиқызы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
- Акижанова Гаухар Берікқызы – Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі
- Ақтаев Жандос Берікұлы – «Esti Bol Qory» қоғамдық қорының төрағасы
- Алтай Алмас – «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист
- Алтынбеков Бекзат Қомарұлы – Қарағанды облысы ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы
- Антоненко Андрей Иванович – дипломатиялық қызмет ардагері
- Арсютин Николай Геннадьевич – «Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
- Асанов Латипша Каймаханович – «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы
- Атайбеков Бақыт Ынтықбайұлы – «Герефорд тұқымының республикалық палатасы» коммерциялық емес ұйымы кеңесінің төрағасы
- Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы – Қостанай облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі
- Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері
- Әбіл Еркін Аманжолұлы – «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының бірінші орынбасары
- Әзілханов Марат Алмасұлы – «Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
- Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары
- Әмірғалиева Айгүл Маулышарифқызы – Атырау облысы мәслихатының депутаты
- Байрамуков Ислам Ильясович – «Жамбыл облысы қарашайлар мен малқарлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІІ жазғы Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері
- Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы – қоғам қайраткері
- Бимұратқызы Жанар – Қызылорда облысы білім басқармасының «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы» қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы
- Болатбек Уәлихан Болатбекұлы – Тараз қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
- Борчашвили Исидор Шамилович – «Астана халықаралық университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғары құқық мектебінің профессоры
- Буларов Лугмар Харкиевич – «Қазақстандағы дүнгендердің этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі байқау кеңесінің төрағасы
- Гаджибалаев Рафаил Сададдин оглы – «Қостанай облысындағы әзербайжандардың «Бірлік» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Гаджиев Гаджи Шапиевич – «Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті
- Газдиева Белла Асланбековна – «Вайнах» шешендер мен ингуштар қауымдастығы» республикалық этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры
- Гайдай Андрей Николаевич – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кафедра доценті
- Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» кәсіподақтардың республикалық бірлестігінің төрағасы
- Дәуталиев Қазыбек Нұрсейітұлы – Алматы облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының директоры
- Дементьева Наталья Григорьевна – «Аналар мектебі» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
- Джанаев Увайс Хаважиевич – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Ертаев Сырым Махамбетұлы – Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі
- Жақыпов Нұржан Бауыржанұлы – Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Almaty Azаmattyq Alliance» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
- Жанықұлов Жұмабек Есілбекұлы – «PARYZ» Қазақстан Республикасы жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрағасы
- Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – «Саламатты ел» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
- Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы – Қостанай облысы мәслихатының депутаты, Қостанай облысы бойынша «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі
- Жүнісова Фарида Амансарықызы – Жамбыл облысы мәслихатының депутаты, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы
- Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы – Қызылорда облысы мәслихатының депутаты
- Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы – «Қазақстанның Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоғам қайраткері
- Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы
- Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы
- Зенченко Геннадий Геннадьевич – Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және компания» коммандиттік серiктестiгiнің бас директоры
- Иманқұлов Әбдез Рахманұлы – Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі
- Исбекова Әйгерім Әуезқызы – Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Кәусар» оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
- Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич – «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Исматуллаев Абдулла Жапарович – «Дустлик» өзбектердің этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
- Кан Алина Александровна – «Қазақстандағы немістердің республикалық этномәдени бірлестігі» қоғамдық қорының мүшесі, «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Alash» тіл үйрету клубының негізін қалаушы
- Канкуров Станислав Владимирович – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының жетекшісі
- Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті
- Кереев Қайрат Нұрғабылұлы – Жетісу облысы мәслихатының депутаты
- Ким Вера Александровна – «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
- Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының Алматы қаласындағы басшысы
- Көпжасарұлы Ерқанат – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының мүшесі, журналист
- Куприенко Александр Григорьевич – Қарағанды облысы мәслихатының депутаты
- Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы – Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
- Қайдарова Диляра Радикқызы – «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры
- Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі
- Қарт Мерей Мейіртайұлы – Абай облысы мәслихатының депутаты, «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
- Қопабаев Әділхан Амангелдіұлы – «Digital Nomads» IT-қоғамдастығының мүшесі, Apple Inc. мемлекеттік органдармен байланыс және Орталық Азия мен Арменияға арналған саясат бөлімінің басшысы
- Қоспаева Шолпан Насиболлақызы – Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі
- Қосшиев Назарбек Төлеуішұлы – Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы
- Құрманалин Сағынғазы Даниярұлы – Ақтөбе облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы
- Құсметова Әсел Нұрланқызы – Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Ұлан ауданы филиалының директоры
- Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы – Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Алматы облысы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
- Қисықова Сәуле Дүйсебекқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы
- Лаврентьев Андрей Сергеевич – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі
- Лактюшин Дмитрий Николаевич – «Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары
- Локшин Вячеслав Нотанович – «Мицва» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі
- Лукин Андрей Иванович – қоғам қайраткері
- Мақышев Тұрсынбек Шамбұлұлы – Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері
- Малькова-Солопова Алёна Юрьевна – Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Құрылыс-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оқытушысы
- Маткенов Мұрат Қадерұлы – Ұлытау облысы мәслихатының депутаты, Қарсақпай металлургия зауытының директоры
- Мәлікова Сәуле Зейноллақызы – Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Солтүстік Қазақстан Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
- Мельниченко Юрий Васильевич – «Қазақстан күрес федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІ жазғы Олимпиялық ойындарының чемпионы
- Микаелян Наринэ Гамлетовна – «Наири» армян этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
- Мусин Бағдат Батырбекұлы – Спорттық бағдарламалар жасау федерациясының президенті, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
- Мусин Манат Айтбайұлы – Ақмола облысы мәслихатының депутаты
- Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы
- Мұқанова Роза Қажығалымқызы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, драматург
- Мухамеджанов Евгений Викторович – Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы
- Мұсабеков Арман Төлегенұлы – Павлодар облысы мәслихатының депутаты, «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
- Мұхтарова Найла Алтайқызы – «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
- Мусапиров Жанұзақ Керімбекұлы – «Қазақстан Республикасының Көркем сурет академиясы» қоғамдық қорының вице-президенті
- Мүтәліп Шахмұрат – «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
- Мырзағараев Мәди Жомартұлы – республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
- Надыров Камалжан Талғатұлы – «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Орталық Азия биотехнологиялар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
- Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы – мемлекет қайраткері
- Огузхан Абдулкарим – «Алматы қаласындағы түрікмен этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Омаров Бауыржан Жұмаханұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
- Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы – Алматы облысы мәслихатының депутаты, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының директоры
- Орынбеков Думан Рымғалиұлы – Абай облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры
- Осин Кирилл Владимирович – «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры
- Останькович Дмитрий Валерьевич – «Родны кут» белорус этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
- Оторбаев Ардақ Рахметоллаұлы – Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Jasa-Life» орталығы» мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы – Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
- Павленко Дмитрий Иванович – «Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
- Поломарчук Борис Викторович – Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқытушысы
- Правдина Вера Николаевна – «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» жергілікті этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Рақышева Ботагөз Исламқызы – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті
- Рахметулина Бағдат Сағынғанқызы – Ақмола облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры
- Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы
- Сабильянов Нұртай Салихұлы – қоғам қайраткері
- Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
- Сәлімов Алмас Алтайұлы – Түркістан облысы мәслихатының депутаты
- Серікжанова Әйгерім Телжанқызы – «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының креативті технологиялар және жасанды интеллект зертханасының басшысы
- Соловьёва Ирина Анатольевна – «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
- Спирина Ольга Сергеевна – «Қазақша Speaking Club» қоғамдық жобасының авторы, тележүргізуші
- Стадникова Лилия Викторовна – Павлодар облысы білім басқармасы «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы
- Сураган Дурвудхан – «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі
- Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы – Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы
- Сүлеймен Олжас Серікбайұлы – «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі
- Тахтай Василий Сергеевич – «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі
- Ташыбеков Манас Нурмаматович – «Қазақстандағы қырғыздардың этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары
- Тварионас Виталий Ионо – «Lituanica» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Тимощенко Юрий Евгениевич – «Украиндар радасы» этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
- Төреханов Роман Алмаханұлы – «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті президенті
- Тұрдалиева Ақнұр Нұрталапқызы – «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Усанова Руфина Касымовна – «Татар мәдениетінің «Туган тел» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары
- Ұлжекова Нұргүл Төленқызы – «Қазақстан бочча федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы
- Хмелевский Виталий Альбертович – «Қазақстандағы поляктар одағы» этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
- Цхай Александра Сергеевна – «Қазақстандағы корейлер қауымдастығы» этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары
- Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
- Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – республикалық аналар кеңесінің төрағасы
- Шиповских Геннадий Геннадиевич – «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі
- Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы
- Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
- Эктова Ирина Андреевна – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты
- Юсупова Әлия Мақсұтқызы – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Қазақстан ұлттық гимнастика федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
USD




