АСТАНА. 3 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 3 қыркүйек күні Жаслан Мәдиевті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі етіп қайта тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта.
Жаслан Хасенұлы Мәдиев 1983 жылы 13 маусымда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. Саясеткер, кәсіпкер.
Қызмет жолдары:
– 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы,
– 2007-2018 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazyna Capital Management» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияларының құрылымдарында істеді,
– 2019-2020 жылдары – Ұлттық экономика вице-министрі,
– 2020-2022 жылдары – Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары,
– 2022 жылғы қаңтардан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі,
– 2024 жылғы 6 мамырдан 2025 жылғы 18 қыркүйекке дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.
– 2025 жылғы 18 қыркүйекте Президент Жарлығымен министрлік атауы «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі» болып өзгертілді. 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен оПремьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.
USD




