5 Қыркүйек, 10:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Вице-Премьер – Ұлттық экономика министрі қайта тағайындалды

3 Қыркүйек 2026 11:25
- Жаңалықтар, Қоғам
Вице-Премьер – Ұлттық экономика министрі қайта тағайындалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 3 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 3 қыркүйек күні Серік Жұманғаринді Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі етіп қайта тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта.

Серік Мақашұлы Жаманғарин 1969 жылы 22 шілдеде Ақтөбе қаласында туған. Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді Мәскеу энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Қызмет жолдары:

– 1993-2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.

– 2005-2006 жылдары Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы,

– 2006-2007 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары,

– 2007-2008 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры,

– 2008-2010 жылдары Индустрия және сауда министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары, сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары,

– 2010-2011 жылдары «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары,

– 2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігі өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры,  Экономикалық даму және сауда министрлігі өңірлік даму комитетінің төрағасы,

– 2013-2014 жылдары Өңірлік даму вице-министрі,

– 2014-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

– 2017-2019 жылдары Ұлттық экономика вице-министрі,

– 2019-2020 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр),

– 2020-2022 жылдары Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы,

– 2022-2023 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.

– 2023 жылғы 2 қыркүйекте Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

– 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

– 2024 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Таңбалар: қайта тағайындауСерік ЖаманғаринҰлттық экономика министрі

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев бірінші Вице-Премьер болып қайта тағайындалды
Жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев бірінші Вице-Премьер болып қайта тағайындалды

03.09.2026
Вице-Премьер – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қайта тағайындалды
Жаңалықтар

Вице-Премьер – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қайта тағайындалды

03.09.2026
Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы қайта тағайындалды
Жаңалықтар

Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы қайта тағайындалды

03.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist