АСТАНА. 3 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 3 қыркүйек күні Ғалымжан Қойшыбаевты Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы етіп тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта.
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы 14 сәуірде Қызылорда қаласында туған.
1991 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін, 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)
Қызмет жолдары:
– 1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы,
– 1997-1998 жылдары Ресей Федерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі,
– 1998-2004 жылдары Ресейдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі,
– 2004 жылы Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы өкілетті өкілі,
– 2004-2006 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы,
– 2006-2008 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі,
– 2008-2012 жылдары Литвадағы, Латвиядағы, Эстониядағы және Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі (қоса атқарушы),
– 2012-2016 жылдары Финляндия мен Эстониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі (қоса атқарушы),
– 2016 жылдан Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
– 2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
– 2019 жылғы 18 қыркүйекте Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
– 2021 жылғы 18 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
– 2022 жылғы 11 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
– 2023 жылы 4 қаңтарда Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды.
«Құрмет» ордені, «Құрмет кресі» Латвия Республикасының мемлекеттік ордені, Финляндияның Арыстан ордені (1-ші сыныптағы командир), «Құрмет» орденімен (2008 ж.) марапатталған.
Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті елші.
Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.
USD




