АСТАНА. 3 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 3 қыркүйек күні Дәурен Қосановты Қазақстанның Қорғаныс министрі етіп тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта.
Дәурен Жұматайұлы Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы «Новотроицкое» ауылында туған. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.
Қызмет жолдары:
– Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш;
– Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі;
– Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі;
– Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;
– Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы;
– 2022 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы;
– 2024 жылғы қыркүйек-2025 жылғы маусым – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы;
– 2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).
Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.
Марапаттары: I және II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, мерейтойлық медальдар.
USD




