МӘСКЕУ. 2 қыркүйек. Ресей президенті Владимир Путин өз кортежіне пулеметті пикап қостырып, сапарларда жабық трапты қолдана бастады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Жұрт Путиннің Шығыс экономикалық форумына қатысу үшін Владивостокқа барған сапары кезінде оның кортежі құрамына зенитті пулеметі бар пикаптың қосылғанын байқаған. Президент шеруінің әуежай маңында тұрған сәтінің суреттерін жергілікті Svodka-25 паблигі жариялаған. Бұдан бөлек, кортеждің жүру бағыты бойында әскерилер мен әскери техникалар тұрғаны көрінетін кадрлар да шыққан. Ал жергілікті тұрғындар жолдарды жауып тастағаннан пайда болған кептелістерге наразылық білдірген.
Көпшілік мұндай құрылғыны бірінші рет президент 31 тамызда Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне барған кезінде аңғарған. Путин бұған дейін мамырда Қазақстанға, тамызда Новосібірге барған уағында және өткен жылғы желтоқсанда Үндістанға жасалған сапары кезінде ұшақтан кәдімгі ашық трап арқылы түсіп, көтерілген.
Әскери сарапшы Давид Шарп соңғы кездері орын алып жатқан мынадай күрт өзгерістерді қауіпсіздік шарасын күшейтуден туып жатқанымен байланыстырды. Оның айтуынша, егер траптың төңірегі бронмен жабылса, ол Путинді жақын қашықтықтан қорғау үшін жасалған болып шығады.
Мамыр айының басында Financial Times газетінің мәнбелереі соңғы кездері Путин күзетінің айтарлықтай күшейтіле бастағанын жазған еді. Басылым мәліметінше, өз өміріне төндірілетіне қауіп-қатер күшейіп тұрғандықтан, ықтимал қастандықтар мен мемлекеттік төңкерістің алдын алу мақсатында ол уақытының көбір жер асты бункерінде өткізетін болған. Сол айда жұрт бірінші рет Путин кортежінің радиоэлектронды күрес жүйесі бар машина мен пулемет орналастырылған бронды автомобильден құралғанын көрген.
Кремль диктаторының бұлайша мазасыздана түсуіне Украина ұшқышсыз ұшақтарының Ресейдің алыс түкпірлеріне дейін емін-еркін бара бастағаны негізгі себеп болған сияқты.
USD




