АСТАНА. 24 тамыз. Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарына сәйкес бірнеше жоғары лауазымды шенеунік қызметтерін жалғастыратын болды. Бұл туралы Kazinform ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Президенттің Жарлығымен ең алдымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке 2023 жылы келген еді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Ол бұл орынға алғаш 2022 жылдың қаңтар айында келген-тін.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті 2024 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына қайта тағайындалды.
USD




