24 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті

24 Тамыз 2026 13:30
- Жаңалықтар, Қоғам
Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 24 тамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен және студенттерді қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Салтанатты іс-шараға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлімгерлері қатыстырылды. Олар физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндерінен беделді білім сайыстарында топ жарған. Осы қатардағы жеңімпаздардың алтауы – алтын медаль, он бірі – күміс, төртеуі – қола медаль иегерлері.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім сайысында үздік нәтижеге қол жеткізген дарынды жастарды жарқын жеңісімен құттықтап, оларға шынайы ризашылығын білдірді.

– Әрқайсыңыз әлемнің ең зияткер оқушыларымен бәсекеге түсіп, беделді білім додаларында топ жардыңыздар. Көк Туымызды биікке көтеріп, еліміздің абырой-беделін арттыруға мол үлес қосып жүрсіздер. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Қазақстанның жарқын болашағы – ойы ұшқыр, білімді, дарынды жастардың қолында. Мен Мемлекет басшысы ретінде бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар! – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы табанды еңбек, үздіксіз ізденумен жеңіп алған әр медальдің бағасы қымбат, маңызы зор екенін атап өтті.

– Сағаттап оқу, айлар бойы дайындық жүргізу, жылдар бойы биік мақсатқа ұмтылу үшін, ең алдымен, қажырлы қайрат пен мықты күш-жігер керек. Ұлы Абай да «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп өсиет айтты. Сіздер әрқайсыңыз көп ұзамай білікті инженер, көрнекті ғалым, мықты маман боласыздар. Жаңа технологияларды ойлап тауып, еліміздің өркендеуіне, әлемнің дамуына ықпал ететін жаңалық ашасыздар. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – нағыз дарынды жастардың елі. Ұл-қыздарымыз барлық бағытта, әсіресе, білім саласында үздіктер қатарынан көрініп келеді.

– Биыл оқушыларымыз 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми сайысқа қатысып, мыңнан астам медаль жеңіп алды. Оның 200-ден астамы – алтын медаль. Мұны тамаша жетістік деуге болады. Осы тұста халықаралық физика олимпиадасында керемет өнер көрсеткен оқушыларды ерекше атап өткім келеді. Беделді бәсекеге қатысқан бес талапкеріміздің бесеуі де алтын медаль алып, жеңімпаз атанды. Бұл – бұрын-соңды болмаған бірегей көрсеткіш. Жалпы, біз барлық бағыттар бойынша осындай үздік нәтижеге ұмтылуымыз керек. Қазақстан жастарының әлеуеті оған толық жетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазір еліміз тарихи өрлеу кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

– Біз бір ел, бір халық болып ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Жаңа Конституциямызды қабылдадық. Еліміздің бас құжатында ғылым мен білімге, инновацияға басымдық бердік. Ең бастысы, жаңа Конституция өскелең ұрпақтың игілігі үшін жазылды. Кеше ғана тарихымызда тұңғыш рет Құрылтай сайлауы өтті. Бұл сайлау сәтті, мінсіз ұйымдастырылды деп айтсақ, қате болмас. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүкіл халқымызға азаматтық кемелдік танытып, жаңару стратегиямызды қолдағаны үшін мың да бір алғысымды айтамын. Сайлау кезінде бір топ байқаушылар, соның ішінде халықаралық байқаушылар өте тиімді жұмыс істеді. Оларға да зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне рахметімді айтамын. Олар өте табанды қызмет атқарды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент мемлекет тарапынан барша дарынды жастарға әрдайым қолдау көрсетілетінін, жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін барынша жағдай жасалатынын жеткізді.

– Әлем тез өзгеріп жатқаны соншалық, таяу келешекте не боларын ешкім тап басып айта алмайды. Бірақ білімге құштарлық, өз күшіңе сену, табанды еңбек кез келген уақытта табысқа жетелейтінін ұмытпауымыз керек. Келешек туралы бір нәрсені сеніммен айтуға болады – түбі адам капиталын дамытуға және жаңа технологияларды экономика мен қоғамның барлық саласына енгізуге баса мән берген елдер озады. Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін биыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Сіздер, талантты жастар осы жасампаз үдерістердің алдыңғы шебінде жүресіздер. Қазақстан жастары Сіздерге қарап бой түзейді, үлгі алады. Білім мен ғылым, инновация мен озық технология – бүгінгі дәуірдің басты қаруы. Жаһандық бәсекеде білімді, зияткер елдер ғана алға шығады. Сондықтан мен сіздерді «Қазіргі заманның нағыз батырлары» деп санаймын. Мен қазақ жастарының отаншыл, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын. Олар елге жанашыр, табиғатқа қамқор, нағыз адал азамат болуын тілеймін. Атап айтқанда, еріктілердің еңбегін жоғары бағалаймын, қолдаймын. Мен жастарға сенемін! – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың талантын шыңдап, білім берген ұстаздар қауымына алғыс айтты.

– Қазір біздің ортамызда саналы ұрпақ тәрбиелеп, оларды үздіктер қатарына қосқан ұлағатты ұстаздар отыр. Сіздердің ерен еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Қабілетті балаларды оқытып, оларды халықаралық жарыстарға даярлайтын педагогтерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл – ең ізгі іс. Сіздердің еңбектеріңізді мемлекет міндетті түрде ескереді. Үкімет пен өңір басшыларына осындай тапсырма беріледі, – деді Президент.

Мемлекет басшысы салтанатты рәсімде халықаралық пән олимпиадаларында алтын, күміс және қола медаль иеленген оқушылар мен студенттерге сәйкесінше 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай сыйақысы бар сертификаттар тапсырды.

Ал шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжехановаға, Алматы қаласындағы №134 лицей мұғалімі Ирина Нестеренкоға – «Құрмет» ордені, «Edlight Academy» әдіскері Жанболат Жолгелдиевке, Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаеваға, «Haileybury Almaty» мектебінің мұғалімі Владимир Жукке, Өскемен қаласы Білім-инновация лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулетке – «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қызылорда қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Батыр Жарқынға, Талдықорған қаласындағы №24 лицей мұғалімі Меруерт Абаеваға, Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Олжас Әмзеевке, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышевке «Шапағат» медалі берілді.

Таңбалар: қабылдауОлимпиада жүлдегерлеріпрезидент

Ұқсас мақалалар

Камерунды 1982 жылдан билеп келе жатқан президент Еуропада жоғалып кетті
Жаңалықтар

Камерунды 1982 жылдан билеп келе жатқан президент Еуропада жоғалып кетті

10.08.2026
Енді пациент терапевттің «делдалдығынсыз» діттеген дәрігеріне бірден барады
Жаңалықтар

Енді пациент терапевттің «делдалдығынсыз» діттеген дәрігеріне бірден барады

09.08.2026
«Сүйер ұлың болса сүй, сүйінерге жарар ол»
Көзқарас

«Сүйер ұлың болса сүй, сүйінерге жарар ол»

02.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist