21 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды

18 Тамыз 2026 20:30
- Жаңалықтар, Қайнар
Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 18 тамыз. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты бүгін Orda.kz порталының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары оның ісін тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына жасалып жатқан қысымның тағы бір эпизоды деп атады.

Алматыдағы сот тәуелсіз Orda.kz интернет басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы кәмелет жасына толмаған баласы болуына байланысты жазасын өтеуді екі жылға кейінге қалдыра отырып, сегіз жылға соттады.

Алматы қаласы Бостандық ауданының соты Бажкеноваға заңсыз кәсіпкерлік, бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, көрінеу жалған ақпарат тарату және ұрлық бойынша айып тақты. Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы өзінің айыбын үзілді-кесілді мойындамады. Бұдан бөлек, оған бес жылдың мерзімге дейін журналистік қызметпен айналысуға және басшылық лауазым атқаруға тыйым салынды.

Бажкенова өзі қамалар алдында басылымның демеушісімен жанжалдасып қалған. Оған қарсы 2025 жылғы желтоқсанда қылмыстық іс қозғалды. Сол жолы Бажкенованың пәтері мен Orda.kz кеңсесіне тінту жүргізілді, ал журналистің өзі үйқамаққа алынды.

Сотталушының ізіне түсуге бизнес-орталықтардың бірінің иесінен және өңірлік балық инспекциясының қызметкерінен оның жалған ақпар таратқаны жөнінде шағым түсуі негізгі себеп болған.

Бұдан бөлек, Бажкенова елдегі ең ірі банктің бірі және Orda.kz сайтының көп жылғы демеушісі – Kaspi Bank басшылығымен жанжалдасып қалған. Журналист қаржы ұйымына наразылық акциясын өткізіп, банкті жеке тұлғалардың мәліметтеріне қатысты алаяқтықпен айналысты деп айыптаған. Кейінірек Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимді өзі басқаратын басылымды тартып алуға әрекет дайындап жатыр деп кінәлады.

Сот мәліметінше, Бажкенова 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы желтоқсанға дейін Orda.kz ЖШС басшысы лауазымында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, компания шоттарынан 88 144 127 теңгені жымқырған. Ол бұл қаражатты жарнамалық, кәсіби және ғылыми қызметтерге ақы төлеу деген сылтаумен өзі бақылауындағы жеке кәсіпкердің есепшотына аударған. Сондай-ақ ұлының жекеменшік халықаралық мектепте оқу ақысын төлеген.

Бұдан бөлек, сотталушы кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелмей, Алматыдағы пәтерлерді сатып алып, қайта сату арқылы 121 200 000 теңге табыс тапқан. Бұл ретте салық төлемдері төленбеген.

Сот мәліметінде: «2024-2025 жылдары Б. «О» ақпараттық-талдау порталының бас редакторы бола отырып, бірнеше рет (8 эпизод) адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқан. Соның салдарынан азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген», – делінген.

Сондай-ақ материалдық шығынды өтеу үшін 95 992 350 теңге, мемлекеттік баж ретінде 2 879 770 теңге, жәбірленуші тараптың заң көмегіне жұмсаған шығындары мен процестік шығындары үшін 6 800 000 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Таңбалар: Гүлнәр БажкеноважазаОрдасот үкімі

Ұқсас мақалалар

«Елімай» – «Ордабасы» матчындағы жанжалға айыптылар жазаларын алды
Жаңалықтар

«Елімай» – «Ордабасы» матчындағы жанжалға айыптылар жазаларын алды

25.06.2026
Павлодарда өз ұлын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Жаңалықтар

Павлодарда өз ұлын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

17.06.2026
Украина соты РФ генералы Александр Лапинді сырттай өмір бойына соттады
Әлеумет

Украина соты РФ генералы Александр Лапинді сырттай өмір бойына соттады

03.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist