ТБИЛИСИ. 11 тамыз. Сакартвело үкіметінің басшысы Иракли Кобахидзе Ресей Федерациясымен дипломатиялық қатынасты қалпына келтірудің әзір мүмкін емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Новые Известия» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Мәскеу Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындап тұрған кезде Сакартвелоның Ресеймен толық дипломатиялық қатынасты қайта қалпына келтіруі жүзеге аспайды», – деді Иракли Кобахидзе деді журналистерге.
Ол бұған Тбилисидің Мәскеумен қатынасы жанжалды бейбіт жолмен реттец болып қала беретінін қосты. Оның айтуынша, бұл мәселе Сакарткелоның сыртқы саясатындағы ең басыңқы мәсеелелердің бірі болып қалады.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Мәскеудің Тбилисимен прагматикалық байланысты кеңейте түсуге дайын екенін айтты. Оның пікірінше, Сакартвело Ресеймен текетіреске барудан гөрі ынтымақтастықты жалғастыруға ынталы.
Тбилиси Мәскеумен дипломатиялық қатынасты 2008 жылғы 2 қыркүйекте Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындағанан кейін күрт үзген болатын. Соған қарамастан, тараптар консулдық контрактіні сақтап қалды: Тбилиси 2009 жылдан бері Ресейдің мүддесімен Швейцария елшілігі жанында айналысады, ал Мәскеуде Грузия мүддесіне араласады.
USD




