25 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр өңірінде заң мен тәртіпті көзеген облыстық «Жайдарман» ойындары өтті

9 Тамыз 2026 18:35
- Әлеумет, Жаңалықтар
Сыр өңірінде заң мен тәртіпті көзеген облыстық «Жайдарман» ойындары өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 тамыз. Қызылордада өткен облыстық «Жайдарман» ойындары жастардың заң мен тәртіпті құрметтеуі тақырыбына арналды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«12 тамыз – Халықаралық жастар күні» онкүндігі аясында өткізіліп жатқан көңілді тапқыштар клубының сайысы «Жастар және заң мен тәртіп» деп аталатын тақырыпты көзеді.

Шара Президент паркінің амфитеатрында ұйымдастырылды.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру», – делінген мәтбұғат парақшасында.

Сайысқа Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан жас «жайдарманшылар» қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл мен ұтқыр ой арқылы жеткізді. Қатысушылар өз қойылымдарында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, жауапкершілік, құқықтық мәдениет және азаматтық белсенділік тақырыптарын кеңінен қамтыды.

Шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов жастарға бағытталған мұндай бастамалардың тәрбиелік және қоғамдық маңызына тоқталды.

«Заң мен тәртіп – орнықты қоғамның негізгі тірегі. Құқықтық мәдениет тек заң талаптарын білу немесе оны орындаумен шектелмейді. Ол – әр азаматтың өз құқығы мен міндетін терең түсінуінен, қоғамдық ортадағы жауапкершілігін сезінуінен басталады. Әсіресе, елдің ертеңін қалыптастыратын жастардың бойында осы құндылықтардың берік орнығуы аса маңызды. Бүгінгі «Жайдарман» ойыны – жастардың шығармашылық әлеуетін танытумен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық көтерудің, азаматтық ұстанымды әзіл арқылы жеткізудің тиімді алаңы. Жастардың құқықтық сауаты жоғары, ойы сергек, жауапкершілігі мол болған сайын қоғам да соғұрлым берік болады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты күнделікті өмір салтына айналуы тиіс», – деді Руслан Мұхамедәліұлы өз сөзінде.

Ойын барысында командалар сахналық қойылымдар арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарына құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелерін көрермен назарына ұсынды.

Айта кету қажет, биылғы Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуі және алда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында өткізілуде. 10–12 тамыз аралығында республика көлемінде «Жастармен бірге!» акциясы ұйымдастырылып, оның басты іс-шарасы Астанадағы «Jastar Fest» республикалық жастар фестивалі болмақ.

Сонымен қатар, өңірімізде Абай күніне арналған әдеби кештер, кітап оқу мәдениетін насихаттайтын «Оқы. Ойлан. Өзгер.» акциясы, «100 минут оқу» челленджі, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған кездесулер, сондай-ақ экологиялық және волонтерлік акциялар өткізіледі. Сондай-ақ, жастарға білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша кеңес беретін бірыңғай жастар алаңдары жұмыс істейді.

Таңбалар: Жайдармансайыстәртіп пен заң

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында дебат турнирі өтті
Жаңалықтар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында дебат турнирі өтті

01.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist