КИЕВ. 18 шілде. Украина президенті Володимир Зеленський енді Қарулы күштер бас қолбасшысы Александр Сырскийді орнынан алудың жағдайын қарастырады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Зеленський өзі президент болған кезден бергі әскери басшылықта орын алып отырған бірінші аса ірі дағдарысқа байланысты осыған тікелей қатысы бар бас қолбасшыны доғарысқа жіберу мүмкіндігін қарастыратынға ұқсайды.
The Financial Times газетінің тілшісі президент әкімшілігіндегі жоғары лауазымды шенеуніктің сөзіне сілтеме жасай отырып, осыны ашып жазды.
Мәнбенің айтуынша, осы демалыс күндері Зеленський шенді әскерилермен кездесіп, олардың ұрыс алаңындағы жағдай жөніндегі ойларын тыңдап, бас қолбасшыға лайықты үміткерлерді сараптан өткізеді. Басылым сұхбатшысы егер президент 1200 шақырымдық майдан шебіндегі тұрақты қорғанысты сақтай отырып, өкілеттіктерді қалпымен қабылдап алуға қабілетті қолбасшы тапса, Сырскийді алып тастауға дайын екенін айтты.
Зеленський келгеніне алты ай ғана болғанымен өте жоғары тиімділік көрсеткен 35 жастағы Қорғаныс министрі Михаил Федоровтың қызметінен босатылуына байланысты жаппай наразылықтар туындағаннан кейін Сырскийді ауыстыру керектігі туралы ойлана бастады. Федоров өзінің доғарысын талап етіп, президентке «ультиматум» қойған Сырскийдің өзі екенін мәлімдеді. Ал Зеленський бұған дейін министр мен бас қолбасшы арасындағы қарым-қатынастың түпкілікті нашарлап кеткендерін және олардың бір-бірімен тікелей сөйлесуді тоқтатқанын, бірақ өзінің бұлардың «бастарын біріктіре алмағанын» мойындаған. Федоров Сырскийді Қорғаныс министрлігінің реформаларына тосқауыл қойды деп көпшілік алдында айыптады және Украина соғыстың өзгерген сипатына бейімделу үшін армияның жоғарғы басшылығын, оның ішінде бас штаб бастығын ауыстыруы керек дегенді айтты. Ол болашақтың дрондар мен автоматтандыруға тәуелді болатынын, ал Сырскийдің жаяу әскер мен артиллерияға негізделген ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі моделін ұстанатынын атап өтті.
«Украиндарға қолына дөңбек ұстап, өздерін 10-15 күн бірінші шепке дрондар астына итеріп, үстерінен төніп тұратын адам қажет емес.. Оларға құрмет керек. Оларға қалыпты келісімшарттар, қызмет ету мерзімі, ақша аудару мүмкіндігі мен жақсы көшбасшылар қажет», – деді Федоров.
Алдына қойылған әскери мақсаттарға жету үшін үлкен шығынға ұшырауға баруға да дайын тұратындығынан «Қасапшы» деген лақап атқа ие болған Сырский 2024 жылдың ақпанында Валерий Залужныйдың орнына бас қолбасшы болып келген еді.
«Осы аптаның соңында ардагерлер мен қатардағы әскери қызметкерлер Сырскийді доғарысқа жөнелту талабын алға тартып, Федоровтың жұмыстан босатылуына наразылық білдіргенлдер шеруіне қосылды, бұл армия өкілдерінің қоғамдық қарсылығының сирек кездесетін көрінісі болды», деп атап өтті FT. Жұма күні кешке наразылықтар саны едәуір көбейді, мыңдаған адамдар Иван Франко алаңындағы президенттің Киевтегі кеңсесі маңына, сондай-ақ Львов пен Одесса сияқты ірі қалаларда жиналды.
USD




