Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Банктер 20 сәуірден жұмыс істей бастайды

АСТАНА. 13 сәуір. Қазақстандағы банктер 20 сәуірден бастап сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 20 сәуірде астана мен Алматы қалаларында қандай секторлар жұмысын жалғастыратынын айтты.

Оның айтуынша, елорданың әкімі Алтай Көлгінов 20 сәуірден бастап қандай сектордағы кәсіпорындардың жұмыстарын жалғастыруы керек екенін ұсынған. Алдымен өнеркәсіп және индустрия кәсіпорындары, одан кейін құрылыс мекемелері іске қосылады. Бұдан әрі асфальт зауыттары, зейнетақы және жәрдемақы беру үшін екінші деңгейдегі банктер жұмысқа кіріседі.

Сонымен қатар, қосалқы қызмет көрсету секторының кейбір ұйымдары, мысалы. химиялық тазалау және кір жуу орындары, шиномонтаж, арнайы техникаларды жөндеу және көлік жуу станциялары ашылады. Ал қоғамдық тамақтандыру орнынан тамақ жеткізу мүмкіндігін кешкі сағат 10-ға дейін ұзарту ұсынылған.

Алматы қаласындп өнеркәсіптің барлық салалары – қоймалар, құрылыс, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің 50 пайызына дейін, қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс күні режиміне көшеді.
Министрдің айтуынша, Алматы қаласында 128 мың адам жұмысын жалғастырады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button