БУХАРЕСТ. 26 маусым. Румыния депутаттар палатасы (парламенттің төменгі палатасы) енгізген Румыния мен Молдованы біріктіру туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ұсынысты биылғы ақпан айында румыниялық еуродепутат Диана Шошоака енгізген еді.
Gândul порталының хабарлауынша, бастама «үнсіз қабылдау» деп аталатын рәсім бойынша өтті: регламентке сәйкес 45 күн ішінде пленарлық отырыста қаралмаған және қабылданбаған жобалар автоматты түрде мақұлданған болып саналады. Алайда төменгі палатаның шешімі түпкілікті емес, енді заң жобасы Румыния парламентінің жоғарғы палатасы – сенаттың қарауына жіберілді.
Екі елді біріктіру идеясы Кишинеудегі ең жоғары деңгейде қолдау табады. 2026 жылдың қаңтарында Молдова президенті Майя Санду егер мәселе референдумға шығарылса, Румыниямен бірігу үшін дауыс беретінін айтқан болатын.
«Молдова сияқты шағын елге демократиялық, егемен мемлекет ретінде өмір сүру және Ресейге қарсы тұру қиындай түсуде», – деп түсіндірді ол өз ұстанымын.
Осыған байланысты Кишинеу енді посткеңестік өткен кезеңнен алшақтап, Еуропа одағымен жақындасуға дәйекті түрде бағыт алады. 2026 жылдың сәуірінде Молдова парламенті ТМД-ны құру туралы келісімнің және Достастық жарғысының күшін бір жақты жою туралы заңдарды түпкілікті оқуда қабылдаған болатын. Бұл мизам Ресейдің аумақтық тұтастық пен шекараға қол сұғылмаушылық принциптерін бұзуына байланысты шыққан.
USD




