АСТАНА. 22 маусым. Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфиновтың қызметінен кеткені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Федерация мұның жай-жапсарын бүгін әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. Онда футбол маманының лауазымын өз еркімен босатып бергені айтылады. Ал футбол басшылығының бұл кенеттен келген доғарысты аса өкінішпен қабылдап отырса да, оның шешіміне құрметпен қарайтыны атап өтілген.
Осылайша, Талғат Маруанұлы Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен ресми түрде кетті.
«Команда тізгінін ұстаған кезіндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты», – делінген федерация хабарламасында.
ҚФФ сонымен бірге, Талғат Маруанұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді.
Расында Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамадасын табысты басқарған бас жаттықтырушылардың бірі болды. Ол бұған дейін еліміздің бас командасын екі рет жаттықтырды. Атап айтқанда, 2016-2017, 2020-2022 жылдары бас жаттықтырушы болып, республика футболының дамуына зор үлес қосты.
Соңғы жолғысында ол 2025 жылы қазан айында бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып қана келді. Ал басты лауазымға 2026 жылдың 26 қаңтарында ғана тағайындалған. Демек, футбол функционерінің бұлайша «асығыс-үсігіс, аяқ астынан шабаданын жинай бастайтындай» реті жоқ сияқты еді.
USD




