ЛОНДОН. 17 маусым. Ұлыбритания байтағы «Челси» клубының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо қазақ шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты ойын айтты. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Sportarena.kz басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының ойыншысы 12 тамызда, яғни 18 жасқа толған күні ресми түрде «Челси» сапына қосылып, испаниялық маманның жетекшілігімен дайындық жұмыстарын бастайды.
Қазіргі таңда клуб басшылығының негізгі жоспары бойынша Дастан Сәтбаев бірнеше апта бойы команда құрамында жаттығып, өзінің ойын деңгейін көрсетуге мүмкіндік алады. Осы уақыт ішінде Хаби Алонсо футболшының әлеуетін бағалап, оның әрі қарайғы мансабына қатысты шешім қабылдайды.
Егер жас ойыншыға еуропалық футболға бейімделу үшін қосымша тәжірибе қажет деп танылса, ол жалға беру негізінде Францияның 1 лигасы чемпионатында өнер көрсететін «Страсбург» клубына жіберілуі мүмкін.
Айта кетейік, «Страсбург» те, «Челси» де BlueCo консорциумының меншікті клубтары болып табылады. Француз клубы жазғы трансферлік кезеңде шабуыл шебін күшейтуді көздеп отыр. Осыған байланысты Дастан Сәтбаевқа Франция чемпионатында өзін дәлелдеуге және еуропалық футбол талаптарына қаншалықты дайын екенін көрсетуге мүмкіндік берілуі ықтимал.
Бүгін Дастан Сәтбаев «Қайрат» командасы сапында соңғы рет алаңға шығып, оның «Қызылжармен» өткізген ойынына қатысты. Матч 3:0 есебімен алматылықтар жеңісімен аяқталды. Жартылай қорғаушы Дастан Сәтбаев осы үш голдың екеуін өз еншісіне жазды. Ол кездесудің 58 және 87-минуттарында мергендігімен танылды. Сөйтіп, 15 ойында 8 доп салып, мергендер көшінің басына жеке дара шықты. Екінші орындағы португал шабуылшысы Жоржиньо 14 ойында гол салды.
USD




