25 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді

17 Маусым 2026 22:32
- Жаңалықтар, Қоғам
Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 маусым. Үкімет отырысы Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келе жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан Үкіметі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті.

Жаңартылған құрамдағы комиссияның алғашқы отырысына мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, сондай-ақ тіл білімі саласындағы танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Отырыс барысында комиссия мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдады. Атап айтқанда, оқу-ағарту жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіл туралы заңнама талаптарының орындалу барысы талқыланды.

Комиссия мүшелері тілдік дағдыларды қалыптастыруда балабақша мен мектептің шешуші рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін заман талабына сай жаңғырту қажеттігіне ерекше назар аударды.

Осыған байланысты комиссия төрағасы әр жас санатына арналған лексикалық және грамматикалық минимумдарды әзірлеу мен бекітуді, сондай-ақ оларды тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құралдарды енгізуді тапсырды.

Ақпарат саласы бойынша ұсынылған есепке сәйкес, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі онлайн-контенттің үлесі 78%-ға жеткен. Мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстардың үлесі шамамен 60%-ды құрайды. Сонымен қатар отандық телевизиялық өнімдердің 70-дан астамы мемлекеттік тілде эфирге шығуда.

Мемлекеттік тілдегі ақпарат пен сапалы контентке деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Әсіресе жастар арасында қазақ тіліндегі цифрлық контентті тұтыну көлемінің қарқынды өсуі байқалады.

Осыған байланысты Аида Балаева бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясаты талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, отандық кино өнімдерін прокатқа шығару кезінде тілдік нормалардың сақталуын күшейту, ақпарат құралдарындағы тіл тазалығына, стиль мәдениетіне және тілдік әдеп талаптарына ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

Сонымен қатар Халықаралық қазақ тілі қоғамының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалған Disney, Pixar және Sony студияларының балаларға арналған фильмдерін еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен көрсетуді қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Комиссия төрағасы бұл жобалардың тек Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ғана емес, сонымен бірге, облыс орталықтары мен ауылдық жерлердегі көрермендерге де қолжетімді болуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жасанды интеллект жүйелерінің қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, OpenAI компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан ChatGPT моделін қазақ тіліндегі сапалы мазмұнмен толықтыру жобасының барысы тыңдалды.

Комиссия мүшелері аталған бағыттың мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі үлесін арттырудағы стратегиялық маңызын атап өтіп, жұмысты одан әрі тиімді жалғастыру үшін тиісті тапсырмалар берді.

Таңбалар: қазақ тіліотырысүкімет

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026
Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық
Жаңалықтар

Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық

18.08.2026
Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?
Жаңалықтар

Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

15.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist