АСТАНА. 15 маусым. Қазақстанда әлеуметтік желі беттерінде балағат сөз жазғандарға айыппұл салынатын уақыт жақындап қалған сияқты. Бұл туралы kursiv.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазақстанда әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда балағат және былапыт сөздер жазғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында осылай деді.
Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі тәртіпті реттеуге бағытталған арнайы түзетулер әзірленіп жатыр.
Бектенов сондай-ақ осы күндері «Онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының дайындалып қойылғанын да айтты.
Аталмыш шара Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабын толықтыру арқылы жүзеге асырылады. Құжат аясында аталған бапқа түзетулер енгізу арқылы онлайн-платформалардағы былапыт сөздер үшін нақты әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылып отыр.
Құжат маусым айының ішінде кең талқылауға шығарылады.
USD




