25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы

10 Маусым 2026 17:03
- Жаңалықтар, Қайнар
«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бүгін Қызылордадағы «Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы болып өтті.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Сапарбаев тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын. Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды. Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.

Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Таңбалар: Бердібек Соқпақбаевестеліктұсаукесер

Ұқсас мақалалар

Асқар әлемінің жарқылы
Руханият

Асқар әлемінің жарқылы

18.05.2026
Алматыда «Менің ағаларым» кітабының таныстырылымы болды
Жаңалықтар

Алматыда «Менің ағаларым» кітабының таныстырылымы болды

24.11.2025
Алаш арысы Міржақыптың тұлғасы түрік әлеміне таныстырылды
Жаңалықтар

Алаш арысы Міржақыптың тұлғасы түрік әлеміне таныстырылды

30.10.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist