25 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

​Зеленський Путинге бейбіт келісім жөнінде ашық хат жолдады

5 Маусым 2026 23:11
- Жаңалықтар, Жаһан
​Зеленський Путинге бейбіт келісім жөнінде ашық хат жолдады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 5 маусым. Кеше Украина президенті Володимир Зеленський Ресей президенті Владимир Путиннің мәнзіліне ашық хат жолдады. Бұл туралы Informator.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Хат әлеуметтік желіде жарияланған бойда оқырмандардың қызу талқылауына түсті.

Зеленський 4 маусым күні жарыққа шығарған өзінің үшбу хатында Путиннің Украина бейбітшілік жөніндегі келіссөзге асықпайды деген сыңайдағы әдеттегідей өтірік пен жалаға тұрған мәлімдемесіне тиянақты түрде жауап береді.

Енді біз сол хаттың толық мәтінін украин тілінен аударып ұсынамыз.

 

Ашық хаттың толық мәтіні

Ресей Федерациясының президентіне Украина президентінен ашық хат

Сіз бұдан 26 жыл бұрын Ресейді басқаруды қолға алғанда, Украина жұртының көбі бұған оң көзбен қарады. Тап солай болды. Бірақ бұл – бұрынғы жағдай.

Қазір украиндардың барынша басым бөлігі біздің алысқа шабатын дрондарымыздың 1000 шақырымнан астам қашықтықты көктей өтіп, сіздердің Петербургтегі форумдарыңыздың ашылу сәтіне барып жетулерін де оң қабылдап жатыр. Сіз жақсы білесіз, бұл қашықтық біздің мүмкіндіктеріміздің тіпті де шегі емес.

Сіздің 26 жыл бойы билікте отыруыңыз Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың күн тәртібін толығымен өзгертіп жіберді. Біздің халықтарымыз тауар айналымы мен басқа да азаматтық мәселелерді талқылаудан түгелдей атқыланған зымырандардың дәл тиюлері мен келтірілген шығындары жайына қарай көшіп кетті.

Сіз Ресей билігіндегі 26 жылыңыздың жартысына жуығын Украинаға қарсы соғыспен өткізіп келесіз.

Сіз НАТО, геосаясат пен орыс тілі туралы не деп айтсаңыз да,  ешбір нақты себепсіз бола салған бұл соғыс сіздің жеке өзіңіздің таңдауыңыз болып табылады. Тарих мұны тек осылай ғана есте сақтап қалады.

Бұл уақыттың мүлде басқаша болып өтуі мүмкін еді.

Біз соғыс сізді қанағаттандырады дегенді жиі естиміз. Әрине, сіздің Валдайдағы резиденцияңыздың немесе Мәскеудегі парадыңыздың қауіпсіздігі туралы сөз қозғалған кездерде ғана солай шығар.  Себебі, сіз үшін өзіңіздің жеке өміріңіз бәрінен де қымбат.

Бірақ біз қазір бәрін де көріп отырмыз, ақыр соңыда Ресей үшін барған сайын кері әсерді күшейтіп отырған соғыс ресейліктерді қанағаттандырудан қалып барады.

Оларға біздің дрондарымыз бен зымырандарымыз ұнамайды.

Оларға бензиннің тапшылығы мен бағаның ұдайы өсе беретіні ұнамайды.

Оларға тұрақты тыйым салушылықтар ұнамайды.

Оларға сіздің Украинадағы соғыстың басқа бағытын кеңейту немесе тағы бір елдерге – Ресейдің көршілеріне қарсы бағыттау үшін әскерге жұмылдырудың екінші толқынын іске қосу жөніндегі ниетіңіз ұнамайды.

Оларға сіздің соғысыңыздың шеті-шегі көрінбей кеткені ұнамайды.

Иә, сіз әлі күнге дейін ресейліктерді осылай өмір сүруге мәжбүр етіп отырсыз.

Бірақ сіздің ресурстарыңыз айтарлықтай қысқарып келеді.

Сізде бұған дейінгі 26 жыл бойғы сияқты ресейліктердің ымырагершілігін бұдан әрі де сатып ала беретін қаржы мен саяси күш қалған жоқ. Біз бұған бүкіл әлемнің араласуы үшін бәрін жасаймыз.

Сіздің өзіңіз айтқандай, «бәрін есепке алу керек».

Кеше мен сіздің армияның мамыр айында Украинадағы майданда қанша шығынға ұшырағаны туралы баяндама алдым. Тағы да 30 мыңнан астам ресейлік өлтіріліп, ауыр жарақат алыпты. Біз ай сайын тап осы көрсеткішті ұстап тұрмыз, сосын әрбір құрбандық жайында түсірілген видео куәміз де бар – біз жай ауызбен орақ орып отырған жоқпыз.

Біз сіздердің майданда шығынға ұшыраған адамдардың 63 пайызынан өлідей айырылғандарыңызды да білеміз, тек 37 пайызы ғана – жаралылар. ХХ ғасырда бірде-бір армия мұндай балансқа жол бере алмайды. Бұдан әрі өлгендердің үлесі арта түсетін болады.

Біз мұны Украинада өлген ресейліктер үшін қайғырып айтып отырған жоқпыз. Сіздердің соғыстарыңыз Украинаға нендей қасірет әкелгенін көргеннен кейін.

Бірақ бір украиналықтар үшін алаңдаймыз.

Біз де адамдарымызды жоғалтып жатырмыз және әрбір шығын үшін жанымыз ауырады. Тіпті украиндардың шығыны орыстармен салыстырғанда бесеудің бірі немесе алтаудың бірі болып отырған кезде де, біздер үшін мұның мәні зор.

Сіздердің біздің аймақтарымызды, бәрінен бұрын Донецк облысын толық басып алу мерзіміні бірнеше айдан бері тұрақты түрде кейінге қалдырып келе жатқандарыңыздың да маңызы зор. Сіздер оны биыл да жүзеге асыра алмайсыздар.

Бірақ біз Украинада ұдайы соғыс болуын қаламаймыз. Біз соғыссыз өмір сүргеннің шексіз жақсы екенін жақсы білеміз.

Мен бұған ресейліктердің де көпшілігі оң жауап қайтаруға дайын екеніне сенімдімін, оны сіздер де білесіздер.

Көп адам Украинаның осыншама уақыт қорғанысты ұстап тұра алатынына сенген жоқ. Сіздер де сенбедіңіздер. Сіздерге кеңес бергендер де сенбеді. Бұлары қате болды. Сіздер Украина кең ауқыммен қарсылық көрсетеді деп күткен жоқсыздар және істің бұлай тым алысқа кететінін болжай алмадыңыздар. Бірақ біз мұнда бесінші жыл толық ауқымды текетірес үстінде тұрмыз.

Енді соғыстан шығып қалудан қорықпаңыздар – сіздерден қазіргі ең керек нәрсе осы.

Украина өзінің тәуелсіздігін сақтайды. Сақтай да береді. Қандай бір болжамдар айтылғанына қарамастан.

Біз әлемді Украинаны қорғауға және сіздерге қарсы болуға біріктіре білдік. Біз қару-жарақ пен қаржы таптық.

Біз – қолдаулар, сіздер санкциялар алып отырсыздар. Біз Украина үшін өзіміз қалаған және жете алатын әділдік орнағанға дейін осылай жалғаса береді.

Біз сіздердің Украинаға қатысты позицияларыңыз өзгермейінше, жұртты Ресейге қарсы санкцияларды айтарлықтай жеңілдету мен Украинаны қолдауды азайту керектігін сендіруге тырысатындардың ойлары жүзеге асуларына жол бермейміз. Орбанның үлгісі бізге қарсы соғыста Ресейге көмек беруді таңдап алатындардың қандай масқараға ұшырайтынын көрсетіп берді.

Украина сіздер біздің энергетиканы жойып жіберуге күш салған ауыр қыстан шықты. Біз қарсы тұра алдық, тіпті қараңғыда да украиндардың табандылығы сақталып қалды.

Біз соғысты сіздердің территорияларыңызға аудардық, Солтүстік Кореяның көмегі болмағанда, сіздер бұдан да құтыла алмас едіңіздер. Сіз – Ресейдің Пхеньяннан жәрдем сұраған бірінші билеушісі болдыңыз.

Енді бүгін сіздер Қытайдың толық тәуелділігінде отырсыздар – бұл да Ресейдің тарихындағы бірінші жағдай. Сіздер украиндар өздерін өздері қорғай алмайды деп есептедіңіздер, бірақ енді біздің жігіттер Таяу Шығыс пен Бұғаздағы әріптестерімізге қорғаныс жасауға көмектесіп жатыр.

Сіз Украинада ішкі бұлғақ туып кетуіне үміт арттыңыз, бірақ әскери құрылымдар сізге қарсы бүліншілікке шықты. 23 маусымда оның кезекті жылдығы, ол жайлы үндемей қою бұл фактіні тарихтан сызып тастай алмайды.

Міне, енді сіздің шенеуніктеріңіз, бизнесмендеріңіз мен насихатшыларыңыз сізге көзге ұрып тұрған шаршаңшы жүзбен қарайды. Мұны әлем көріп отыр.

Әлем сіздер ұзақ уақыт есеп айырыса алмай отырған Украинадан шаршаған жоқ. Ал Ресейден жаһан әлемінде сіздерге санкцияны айналып өтіп, жүзбелі экономиканы қолдауға көмектесіп отырғандардың өзінде шаршаушылық бар.

Мұны өздеріңіз де байқамай тұра алмайсыздар. 26 жылдан кейін қарттық та өз дегенін істей бастады. Енді уақыт ұзаған сайын сізден шаршаушылық та арта береді.

Біз барлау құжаттарынан көріп отырмыз, сіз қазір әлі 2027-2028 жылдарғы соғыс жоспарларын қарастырып отырған көрінесіз. Біз сондай-ақ сіздің бұған дейін істелмегеннің бәрін баллистиканың жасап беретініне үміттеніп отырғаныңызды да білеміз. Сіз соғысқа Беларусьті де тартуға қайта-қайта құштар болып отырсыз, біз қазір бұған да дайындалуға мәжбүрміз. Біз сіздің Днестр бойында да әлдеқандай партия ойнағалы тұрғаныңызды көріп отырмыз. Сіздің пропагандистеріңіз Ресеймен көрші елдердің бәрін әртүрлі жолмен қорқытуды жалғастырып келеді. Шынымен сіздер осы жолдан өткілеріңіз келе ме?

Қазір таңдау өз қолдарыңызда.

Соғыс жетеді. Аз соғысқан жоқпыз.

Украина бұл соғысты аяқтауды ұсынады.

Бәрін адал, лайықты етіп, жаңа соғыс өрті тұтанбайтынына кепілдік беру жолымен аяқтауымыз керек.

Біз Құрама Штаттардың Иран мәселесіне барған сайын көбірек назар аудара бастағанын көріп отырмыз, сондықтан олардың назары Еуропаға ауатынын күтіп отыра беруміз дұрыс болмайды.

Украина соғысты біз бен сіздің пішінімізде аяқтауды ұсынады.

Мен сол үшін сізді кездесуге шақырамын.

Сіздің өкілдеріңіздің күлімсіреп тұрып, менің Мәскеуге келе алатыным жайлы әңгіме айтқанын жұрттың бәрі естіді. Бірақ мынадай 26 жылдан кейін украин лидерінің, ресейлік лидердің Киевтегі сияқты, сіздердің астаналарыңызда істейтін ештеңесі жоқ.

Соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу үшін дәстүрлі түрде лидерлерді қабылдап жүрген елдер бар. Швейцария, Түркия, Араб әлемі елдері – мұндай кездесулерді көп елдер қабылдай алады.

Тап лидерлер түйінді мәселелерді шешеді – барлық уақытта солай болған.

Мен кездесетін нүктені анықтап алуды ұсынамын.

Біз сіздің Украина мен Еуропаға қатысты әлдеқандай нәрселерді шешу үшін Аляскаға уәде беріп отырғаныңызды естідік. Бірақ, қараңызшы, украиналық және еуропалық мәселелер Анкориджде шешілмейді ғой.

Екі жақты басталған трекке басқа белгілі бір қатысушылар да қосыла алады.

Соғыс Еуропада жүріп жатқандықтан, бізге Украина қауіпсіздігінің кепілі керек, сіз де солай қауіпсіздік кепілін керек етесіз, сондықтан кездесуге кепілдік беретін жақтардың қатысулары да қисынды болып шығады.

Біз Еуропаның – шын мәнінде жағдайға ықпал етуге мүмкіндіктері бар тараптың қатысуы қажет деп санаймыз.

Біз әлемнің бізге қатысты бөлігі қауіпсіздігі жаңа архитектурасы келбетін анықтап беретін Құрама Штаттар процесте болуы тиіс деп санаймыз.

Біздің Ресеймен арада жүрген көптеген келімшарттардың және іске аспаған Минск келісімінің тәжірибелері бар. Сондықтан ең алдымен күрделі жайлардан әлдеқандай бір сөзбұйда, техникалық топтар және алып-қашты дипломатияға уақыт жоғалту арқылы жалтармай, бұрыннан бар мәселелердің екі жақты жауаптарын табуымыз қажет.

Сіз өзіңіздің соғысыңызбен Украина мен Ресейдің арасын біржола ажыратып тастадыңыз.

Қазір майдан сызығы – бұл дипломатия басталуы керек сызық.

Украина келіссөздер жалғасатын уақытта атысты толығымен тоқтатуға дайын. Бұл қазір және Иранның айналасындағы жағдайлармен расталған стандартты тәжірибе. Нақты тыныштықты орнатуға тырысу – бір-бірімен сөйлесуді бастаудың ең жақсы бастамасы. Біздің ойымызша, бұл жай ғана әрекет емес, егер сіз қаласаңыз, нақты өрт сөндіру болмақ.

Сіз Құрама Штаттардың аялдау желісі бойынша атысты тоқтату мониторингін қамтамасыз ете алатынын білесіз.

Украина әскери тұтқындардың барлығын айырбастауға дайын және бұл соғыс аяқталғанға дейін жақсы кіріспе бола алады.

Соғыс кезінде әкетілген азаматтар және балаларды қайтару үшін елеулі қадамдар жасалуы керек.

Болашақ украиндар мен ресейліктердің барлық кейінгі ұрпақтары үшін қандай болатынын анықтау керек.

Егер сіз өз ойыңызда бұл соғысты аяқтайтын уақыт келді деген ойға келмесеңіз, Украина өзінің өмір сүруі үшін күресті жалғастырады. Бізді қолдайтындар бізбен қатар тұрады.

Бірақ сізге өз өміріңіз үшін әлдеқайда көп күресуге тура келеді – Ресейдің емес, сіздің жеке өміріңіз үшін. Бұл менің немесе Украинаның доқ көрсетуі емес. Бұл орыс тарихының өзіңіз жақсы білетін фактілері: Ресей шаршаған кезде өзгерістер келеді.

Біз оларды бұлайша шаршату үшін жұмыс істей аламыз.

Сіз өз соғысыңызды өзіңіз тоқтата аласыз.

Осы соғыста өмірін қиғандардың барлығының рухтары шат болсын.

Украина жасасын!

 

Таңбалар: Ашық хатВладимир ПутинЗеленський

Ұқсас мақалалар

Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады
Жаңалықтар

Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады

13.08.2026
«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist