25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей Пашинянның сайлаудағы мүмкіндіктерін жою науқанын жүргізуде

29 Мамыр 2026 22:25
- Жаңалықтар, Жаһан
Ресей Пашинянның сайлаудағы мүмкіндіктерін жою науқанын жүргізуде
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 29 мамыр. Ресей Федерациясы Арменияда 7 маусым күні өтетін парламент сайлауында премьер-министрдің барлық мүмкіндіктерін құрту жолындағы науқанды бастап кетті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу сайлауда Никол Пашинянның қарсыластарын қолдау үшін Арменияға Ресейден 100 мың армян жіберуді жоспарлаған. «Жалған ақпарат тарату науқанына Кремльмен байланысы бар боттар желісі қатысады», деп жазады агенттік.

Ресей Армения премьер-министрі Никол Пашинянның 7 маусымда өтетін парламенттік сайлауда (Ұлттық жиналыс) қайта сайлану мүмкіндігін бүлдіру үшін бар күш-жігерін салып, қарқынын қауырт арттырды. Енді осы сайлауда қазіргі премьер-министрдің жеңіп шығуы армян халқы үшін де үлкен сын және баға болғалы тұр.

«Кремльдегілер Пашинянның жеңісі Ереванның батысқа жақындау бағытын бекітуі мүмкін деп қорқады», дейді агенттік. Оның мәліметі бойынша, әңгіме Ресейге бүйрегі бұратын кандитаттардың пайдасына жалған ақпарат тарату науқанын ұйымдастырып, Пашинянның қарсыластарына дауыс бергіздіру үшін Арменияға РФ-да тұратын жүз мың қаралы армянды аттандыру турасында болып отыр.

Батыстың үш шенеунігінің айтуынша, Мәскеудің Армения премьер-министрі тағынан қазіргі күндері ақшаны жылыстату және билікті басып алу жөнінде көпшілік алдында сөз сөйлегені үшін айыпталып, уақытша мырзақамаққа отырған ұлты армян, ресей-хай бизнесшісі Самвел Карапетянды көргісі келеді. Бірақ Карапетян өзінің таңылып отырған бұл айыптарды мойындап отырған жоқ.

Армяндарға шетелдерде жүріп дауыс беруге тыйым салынған. Қазір Ресейде 2 миллионнан астам хайлар (армяндар) тұрады. «Үш мәнбенің баяндауларына сәйкес, Ресей билігі шамамен 50 млн долларға (43 млн еуроға) 100 мың сайлаушыны Арменияға жіберуге құмбыл болып отыр» деп жазады Reuters. Кремль мамырдың ортасында Арменияның әр өңіріне баратын армяндардың квоталарын дайындап қойып, әкімгерлеріне дайындықтың қалай жүріп жатқаны жөнінде күн сайын есеп беріп тұруға міндеттеді.

Агенттік атап өткендей, Кремльдің жалған ақпар тарататын боттар жүйесі «Storm-1516» деп аталады. Үш мәнбе бұған Еуропа одағы мен Ұлыбритания тарапынан санкция алған ресейлік саяси консалтингтік және аналитикалық орталықтары тартылғанын, ішінде Украинаны қолдауға залал келтіру үшін бүліншілік ақпарларын таратумен шұғылданған атақты Social Design Agency (SDA) да бар екенін атап көрсетеді.

Американың жоғары лауазымды шенеунігін қосқандағы үш мәнбе сонымен қатар қазіргі күндері Никол Пашинянның өзіне қастандық ұйымдастырылып жатқанын, оның өмірі қауіпсіз емес екенін, сондықтан премьер-министрді қорғауға америкалық арнайы қызмет органдары да тартылғанын жеткізді.

Мамыр айының басында жүргізілген сауалдама Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы 30%-дық дауыспен сайлауда бірінші орын алатынын көрсетті. Ал Карапетянның «Күшті Армения» партиясы 6%-дық дауыспен екінші орынға шығады.

Пашинян өзінің қазіргі қызметіне 2018 жылы келген еді.

Армения 4 мамырда Еуропа саяси қоғамдастық саммитінде ондаған мемлекет басшыларын қабылдады, ал бір күннен кейін армян астанасында тарихта алғаш рет «Еуропа одағы – Армения» саммиті өтті. Кездесуге Украина президенті Володимир Зеленськийдің қатысуы Мәскеудің ерекше тітіркенуін тудырды. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі армян тарапының Зеленський үшін алаң беруін «мүлдем қолайсыз нәрсе» деп баағалады.

Ресей президенті Владимир Путин 9 мамырда Ереванның Еуропа одағы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірінің жағына шығуы керек екенін мәлімдеді.

«Армениядағы көптеген адамдар Путиннің сөздерін Ереванға қысымның күшеюі ретінде қабылдады, бұл кулуарлық дипломатия мен жасырын ымыраға келу уақыты артта қалған болуы мүмкін деген айқын белгіні көрсетеді», деп жазды DW тілшісі.

Таңбалар: АрменияНикол Пашинянпарламентсайлау

Ұқсас мақалалар

Байқоңырда ғарышкер киімін киген сайлаушы сайлау учаскесіне келді
Әлеумет

Байқоңырда ғарышкер киімін киген сайлаушы сайлау учаскесіне келді

23.08.2026
«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады

04.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist