МӘСКЕУ. 29 мамыр. Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын дұрыстап айта алмай, қайта-қайта кібіртіктеуі тегін емес көрінеді. Бұл туралы «Кремлевская табакерка» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Путин Қазақстан президентінің есімін жайдан-жай айта алмай жүрген жоқ. Кремльдегілер мұның өз лидерлері өміріне ұдайы қауіп төніп тұратындығымен тығыз байланысты деп түсіндіреді», – делінген телеграм-арна хабарламасында.
Арнаның өз мәнбесіне сілтеме жасап хабарлауынша, Путинге қарсы ақпарат соғысының «қазіргі кезде соңы бұдан да қауіпті қатерге ұласып кетуі ықтимал».
«Басында интернетке біреудің Владимир Владимировичке «Пал Лаич» деп отырған таңғаларлық видеосы тарады. Мұның түкке тұрмайтын шикі дүние екені түсінікті, ал Ресейдің жаулары осының төңірегінде бір қора теория тұрғызып та үлгерді. Сосын біздің президентіміз Қазақстан президенті Тоқаевтың аты мен әкесінің атын дұрыстап айта алмады. Жұрттың бәрі Владимир Владимировичтің оларды есте сақтап қала алмайтынын жақсы біледі! Осы кезде оған әлдекімдер Тоқаевтың аты-жөні оншалықты анық қана емес, бұған қоса қате де жазылған қағазды ұсына қойған. Бұларды соңғы мезетте әлдекім сонда кіргізіп жіберіпті. Қазір кім екенін анықтаймыз. Бұған қарағанда, ішкі жаулар Владимир Владимировичтің жанына тым жақын барып алған сияқты», – деп баяндады арнаға сұхбат беруші.
Ол қазір Путинге қарсы «сұмдық сұрапыл ақпарат соғысы» жүріп жатқанына сенімді. «Алдымен оны дұрыс емес жағынан көрсетіп алады, дос елдің басшысының өзінің аты-жөнін жөндеп адамша айта алмайды деп. Сосын өміріне қастандық ұйымдастырады да, егер адамның аты-жөнін дұрыстап айта алмай отырса, бұл кісі қалай арнайы соғыс операциясын басқарады деп. Соңынан шулап жүріп, оны да аяқтатады. Осындай оңбаған жоспарлары бар», – деп түсіндірді президенттің жақтасы.
Ол бұған шара қабылданатынын айтып сендірді. Путиннің күзеті күшейтілген, ал Кремльдегілер Владимир Владимировичке қастандық жасауды ойластырып жүрген ішкі жауларды тауып алуға белсене кірісіп кетті.
«Тауып алып, барлық мәселені шешіп тастаймыз. Мәңгіге!», – деп уәде берді тағы бір мәнбе.
.
USD




