17 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленськийдің бұрынғы баспасөз хатшысы оған қара күйе жағып бақты

13 Мамыр 2026 23:31
- Жаңалықтар, Таным
Зеленськийдің бұрынғы баспасөз хатшысы оған қара күйе жағып бақты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 13 мамыр. Украина президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы өзінің экс-шефі Володимир Зеленськийдің тұлғасын әшкерелеуге барын салды. Бұл туралы «Дождь» телеарнасының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бірақ артып отырған ауыр айыптарын айғақтайтын бірде-бір дәлел мен нақты факт келтіре алмады.

Украина президентінің 2019-2021 жылдардағы баспасөз хатшысы Юлия Мендель америкалық консервативті әрі ресейшіл журналист Такер Карлсонға берген сұхбатын бастан-аяқ өзінің бұрынғы басшысыны қаралауға арнады. Алайда оның мәнзіліне арналып айтылған айыптардың ешбіріне негіз болмай шықты. Мысалы, ол Зеленскийдің 2022 жылы-ақ Донбассты Ресейге беріп кетуге дайын болғанын баяндады. Әйткенмен, көрініп тұрғандай, бұл кезде Мендель мәтбұғат хатшысы болып қызмет атқармайтын еді. Демек, ол Зеленськийдің нақты Донбасс аймағына қатысты қандай пікірде болғанын, яғни оны басқыншылар қолына біржола беріп кетуге ниет білдіргенін өзі білмейді.

Мендель болса, мұны өзі ешбір куә болмаған 2022 жылдың көктемінде Ыстамбұлдағы келіссөздерге сүйеніп сөз етіп,  украин делегациясы соғысты тоқтату үшін Ресей Федерациясының барлық талаптарына келісуге дайын болғанын шімірікпей айта салады.

Әлбетте, Юлия ханым бұған ешқандай дәлел келтіре алмайды, тек аты-жөндері аталмаған бір «құпия» кісілердің сөздеріне сілтеме жасап, өз ойын ортаға салады.

«Мен 2022 жылы Ыстамбұлдағы келіссөздерде Украинаның атынан қатысқан адамдармен сөйлестім. Олар маған бәріне келіскендерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, өте маңыздысы – олар Зеленськийдің Донбассты беруге жеке өзі қарсы болмағанын айтты», – дейді өсекші ханым.

Украина Президенті кеңсесіндегілер Юлия Мендельдің бұл бытпылдығын бірден байсалды уәж бен салмақты сөйлем ретінде қабылдаған жоқ, баланың былдырығы сияқты бір нәрсеге балай салды. Онда Мендельдің мемлекеттік шешімдерге қол жеткізе алмайтындығы және келіссөздер процесіне қатыспайтындығы атап өтілді».

«Бұл ханым келіссөздерге қатысқан жоқ, шешім қабылдауда болған жоқ, «көптен бері өзіне өзі келмеген адам, ал оған онда кім не айтты, қалай айтты, шын мәнінде жағдай қалай болды – бұған түсіндірме беру оншалықты шынайы іс емес», – деді офис қызметкері.

Мендель сұхбатында Зеленськийді есірткі қолданады деп те айыптады, бірақ оған қатысты тағы да ешқандай дәлел келтіре алмады. Аяғында Президент кеңсесінің қазір үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан басшысы Ондрий Эрмакты «дуақанттықпен айналысты, молаларға «өлі су шашты» деп, айдалаға лағып кетті.

Саясаттанушылар сол бойда Мендельдің сұхбатының бір күндік қана қауқары бар екенін, содан кейін ұмыт қалатынын айтып отыр. Ал оның өзі «осы оқиғадан кейін менің Украинаға баруым қиындап кететін шығар» дегенді да айтты. Расында солай. Ол сұхбатты Мәскеу түбіндегі Рублевкадағы үйінде беріпті. Бірақ сарапшылар оның енді Америкадан саяси баспана сұрайтынына имандай сенеді. Шамасы, тапсырысты орындау осымен біткен сияқты.

Таңбалар: ЗеленськийУкраинаЮлия Мендель

Ұқсас мақалалар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты
Жаңалықтар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

12.10.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist