Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Медициналық қалта анықтамалығы сала мамандарына жол тартты

АСТАНА. 18 наурыз. Денсаулық сақтау министрлігі сала мамандарына арналған медициналық қалта анықтамалығын баспа жүзінен жарыққа шығарды. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осыған байланысты бірнеше жерде анықтамалықтың тұсекесерлері өткізілді.

«Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, Қазақстанда алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті нығайтуға арналған қалта анықтамалығының бейімделген нұсқасын шығардық», – деп жазды Facebook әлеуметтік желісінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Бұл шын мәнінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып отыр. Анықтамалық дәрігерлер мен мейіргерлерге арналған заманауи практикалық құрал болып табылады және дәлелді медицина қағидаттарына негізделе отырып клиникалық шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Жаңа кітап аурулардың профилактикасы, жоспарлы тексерулер, жағдайларды ерте анықтау және жасөспірімдерге консультация беру мәселелерінің кең ауқымын қамтиды.

«Бастапқы буын мамандары үшін бұл пациенттің әрбір жүгінуін тек емдеу үшін ғана емес, сондай-ақ профилактика жүргізу және баланың дұрыс дамуын қолдау үшін де тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетті министр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button