26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұдайы ұмтылыс үстінде жүретін ұстаз

3 Ақпан 2026 07:21
- Жаңалықтар, Қайнар
Ұдайы ұмтылыс үстінде жүретін ұстаз
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КІМГЕ болса да, жетістік соқпағы бір күнде салына салмайды. Мұның әр қадамының астарында талмай ізденген еңбек, төзім мен жүрекке жүктелген үлкен жауапкершілік жатады. Осындай қажырлы қайрат пен биік парасаттың иелері қатарына Сыр өңіріндегі білім саласының білікті өкілдерінің бірі Зәуре Білісбаева жатады. Оның өмір жолы ерен еңбек пен мерейлі мақсатқа деген адалдықтың шынайы көрінісі іспеттес.

Тереңөзек кентінде №35 И. Тоқтыбаев атындағы орта мектепті бітіріп шыққан Зәуре Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына оқуға түсті. Оның талабы тек сурет өнерімен шектелмей, кейіннен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша да жоғары білім алды. Бұл біздің кейіпкеріміздің тек жақсы мұғалім ғана емес, сонымен бірһге ел болашағына жауапты білікті басшы болуға ұмтылысын айқын көрсетті.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген аталы сөзді ту еткен қадірлі мамандық иесі өзінің еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастады. Сырдария ауданының бірнеше мектебінде шәкірт тәрбиелеп, уақыт өте келе аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарды. Бұл кезең оның ұйымдастырушылық қабілетін ұштап, білім сапасын арттыруға бағытталған сүбелі еңбектерімен есте қалды.

Бүгінде ол – Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы ақын есімін иеленген №135 орта мектептің директоры. Бұл білім шаңырағы бүгінде оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында нәтижелі еңбек етуде. Кәсіби білімі мен басқарушылық дарыны үйлескен Зауре өз ұжымын ортақ мақсатқа жұмылдыра алған білікті басшы.

Оның еңбегі ешқашан елеусіз қалған емес. Кеудесінде жарқыраған «Педагогика қайраткері» төсбелгісі, «Жыл патриоты» медалі және көптеген Құрмет грамоталары – адал қызмет пен қажырлы еңбектің заңды жемісі. Зауре Білісбаева – тек талапшыл басшы ғана емес, сонымен бірге әділдік пен парасаттылықты жанына серік еткен тұлға. «Басшы әділ болса – ел тәртіпті, ұстаз әділ болса – ұрпақ текті» деген қағида оның бүкіл болмысына тән. «Еңбек түбі – береке» екенін іспен дәлелдеген ардақты ұстаздың абыройы асқақ, мәртебесі биік бола бермек.

Жансая НҰРҚОЖА ,

Қызылорда облысы,

Сырдария ауданы

Таңбалар: Зәуре БілісбаевамұғалімТереңөзек

Ұқсас мақалалар

Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы
Аймақ

Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы

16.02.2026
Әр күні ізденіспен өтіп жатыр
Жаңалықтар

Әр күні ізденіспен өтіп жатыр

06.02.2026
Жүзінен жылылықтың самалы ескен
Жаңалықтар

Жүзінен жылылықтың самалы ескен

06.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist