25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Футболшы және жаттықтырушы Марат Есмұратов қайтыс болды

6 Қаңтар 2026 09:56
- Жаңалықтар, Сайыс
Футболшы және жаттықтырушы Марат Есмұратов қайтыс болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 қаңтар. Қызылорда футбол мектебінің атақты түлегі Марат Есмұратов ұзаққа созылған науқастан кейін өмірден өтті. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Қаңтардың 5-і күні кезінде Қызылорданың «Қайсар» командасының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы ретінде спортсүйер қауымға аты-жөні жақсы танымал болған Марат Есмұратов 65 жасында бақилыққа аттанды.

Марат Жалғасұлы Есмұратов 1961 жылы 9 қарашада Қызылорда облысының Арал ауданындағы Аралсульфат (қазіргі – Жақсықылыш) кентінде туған.

«Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, Марат Есмұратов ұзақ жылдар бойы командадағы әріптестері арасында өте жоғары мызғымас беделге ие болған. Жасақтың капитаны қызметін атқарды, команда 1998/1999 жылғы маусымда Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

Ол футболшылық мансабын 1979 жылы Қызылорданың «Мелиораторында» ойнаудан бастады. Бұдан кейін 1984 жылы Пятигорскінің «Машук» (Ресей), 1985 жылы Алматының «Қайрат» ұжымдарының сапынан табылды. Ал 1986-1989 жылдары Қызылорданың «Мелиоратор», 1990-1992 және 2001 жылдары «Қайсар» (Қызылорда), 1992-1993, 1995, 1996 жылдары «Қайрат» (Алматы), 1994 жылы «Актюбинец» (Ақтөбе), «Ордабасы-СКИФ» (Шымкент), 1997-2000 жылдары «Қайсар-Харрикейн» (Қызылорда) клубтары құрамында өнер көрсетті.

Марат 2001 жылы футболшылық өмір жолын аяқтады. Ол футболшы ретінде жоғарыда аталған командалар сапында біріншіліктерде 479 мәрте алаңға шықты, 27 гол соқты. Сол сияқты Қазақстан Кубогы үшін болған 29 матчқа қатысып, 5 доптың авторы атанды. Қазақстан құрамасы құрамында 7 ойын өткізді.

Бір рет – 1992 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасы чемпионатының «33 үздік ойыншысы» қатарынан табылып, «№1 артқы орталық қорғаушы» атанды.

Марат Жалғасұлы 2002 жылы Қызылорданың «Қайсар», 2010 жылы Талғардың «Ақбұлақ» командасының бас жаттықтырушысы, 2004 жылы «Қайсар», 2013 жылы Алматының CДЮШОР №2, 2016 жылы Талдықорғанның «Жетісу», 2017 жылы Өскеменнің «Алтай» командаларының жаттықтырушысы болды.

Ендігі бір ескерте кететін жайт, Қазақстанның  беделді порталдарынан бәрі дерлік Марат Есмұратовтың қайтыс болғанын хабарлай отырып, оны фуболшылық мансабын 1979 жылы Шымкенттің «Мелиоратор» командасынан бастады деп жаппай жазып жатты. Бірақ Марат бұл команданың сапында ешқашан ойнаған емес, тек 1994 жылдың екінші жартысын Шымкенттің «Ордабасы-СКИФ» командасында өткізіп, 15 рет алаңға шыққан. Ал 1992 жылы «Ордабасы-Арсенал» болып құрылып, артынша «Ордабасы-СКИФ» атанған, сосын 1996 жылы тарап кеткен бұл клубтың Шымкенттің «Мелиораторына» түк те қатысы жоқ. Шамасы, «Мелиоратор» дегенге Шымкент деп ойлап қалған ғой. Соған қарағанда, бұлар іргесі 1968 жылы «Волна» болып қаланып, 1990 жылдан бері негізі «Қайсар» атанып келе жатқан Қызылорда футбол клубының 1979-1989 жылдары КСРО чемпионатының екінші лигасында 11 маусым бойы «Мелиоратор» деген атаумен өнер көрсеткенін білмейтін болып шықты-ау! Ұят нәрсе бұл, өте ұят жайт!

Марқұмның әруағы разы болсын.

Алла алдыңнан жарылқасын, Марат Жалғасұлы!

 

Таңбалар: қазаМарат Есмұратовфутболшы

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Жаңалықтар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist