Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Германия мен ЕО АҚШ-тың бейбітшілік жоспарына сақтана қарайды

БЕРЛИН, 21 қараша. Германия АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі әзірлеген Украинадағы соғысты шешуге арналған бейбіт жоспарға сақтықпен қарайтынын жеткізді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Мен мұны Украина мен Ресейдің шұғыл түрде талқылауы қажет тақырыптар тізімі ретінде қарастырамын», – деді Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефул 21 қараша күні.

«Әңгіме бейбітшілік жоспарының ақырғы нұсқасы туралы болып тұрған жоқ», – дегенді қосты сосын сыртқы істер министрі, тұтастай алғанда, Уашингтонның бастамасын қолдайтынын білдіріп.

Германия да, Еуропа да «Украинаға толық қолдау көрсетуге» ниетті», – деп атап өтті Вадефул. «Берлин мен Брюссель Киевтің «бұл тақырып бойынша мығым келіссөз позициясы тұрғысынан сөз сөйлеуіне» «қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге» ұмтылады», – деді ол. Оның айтуынша, қандай ымыраға баратындарын тек қана украин билігі шеше алады. «Біз төреші емеспіз, біз – Украинаның қорғаушыларымыз, себебі, ол «өзінің азаттығы мен Еуропаның бостандығын қорғап жатыр» дегенді қосты бұған соңында.

Ал Еуроодақтың сыртқы істер министрі Кая Каллас Украинаға ұзақ мерзімді және әділ бейбітшілік қажет екенін алға тартады. Ол Еуроодақтың Украина жөніндегі бейбітшілік жоспарының бірнеше шарты бар екенін айтты. Ол әділдікке құрылуы керек. Сондай жоспар ғана ұзақ мерзімді және әділ бейбітшілікті орнатып бере алады. Жоспар Украинамен бірге Еуропаны да қорғайтын болуы тиіс.

Ресеймен шекаралас Финляндия да АҚШ жоспарының жобасын назарға алды. «Қазіргі уақытта біз жағдайды одақтастарымызбен және Украинамен бірге бағалап жатырмыз. Мен бұл мәселені премьер-министрмен және сыртқы істер министрімен талқыладым және үкіметпен талқылаймын», – деді Финляндия президенті Александр Стабб. Көптеген жылдар бойы әскери бейтараптық саясатын ұстанған Финляндия 2023 жылдың сәуірінде НАТО-ға қосылды.

«Бейбітшілік жоспары Ресей президенті Владимир Путинге «бас июмен» тең болмауы керек», деп ескертті Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро. Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски Еуропа кез келген бейбітшілік жоспары бойынша консультацияларға қатысуды күтетінін мәлімдеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button