26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойында «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт болды

17 Қазан 2025 23:17
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр бойында «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 қазан. Сыр бойының бас қаласындағы «Қайсар-Арена» спорт кешенінде Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуы мен қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда» атты гала-концерт өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, ғалымдар, өнер майталмандары, республиканың барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары арнайы қатысты.

Мереке бастауындағы республика байтағын Орынбордан Ақмешітке көшіру және Киргиз АКСР-ның Қазақ АКСР деп өзгертілуі, қалаға Қызылорда атауының берілуі, Ақмешітке қарай бағыт алған «Қызыл паравоз», Алаш арыстарының бейнелері, тарих желісінен сабақталған көріністер сол дәуірді көпшіліктің көз алдына әкелгендей әсер қалдырды. Одан кейін экрандағы көріністер жаңарған, жаңғырған Қызылорданың бүгінгі жасампаз келбетіне ауысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

«Бір ғасыр бұрын Қазақ Республикасының алғашқы астанасы болған Қызылордада мемлекеттігіміздің негізі қаланды. Сол кезеңде қаламыз еліміздің саяси, мәдени-рухани орталығына айналды. Ұлттық өнер мен ғылымның, білім мен баспасөздің алтын қазығы осында қағылды. Шежірелі шаһарымыздың елдік асыл мұраты, жасампаз жолы қалыптасты. Ұлтымызға «қазақ» атауын қайтарып, азат ел болуды аңсаған асқақ арман орындалды. Тілегі мен мақсаты ортақ Алаш арыстары ұлт мүддесі үшін тәуелсіз ел болуға бірікті. «Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы! Сыр – Алаштың анасы!». – деді өзінің сөзінде аймақ басшысы.

«Жүз жылда бірнеше кезеңді басынан өткерген Қызылорда бүгінгі күні Президентіміздің ерекше қолдауымен сәулетті де әсем қалаға айналып келеді. Сыр өңірі жасарып-жаңарып, өсіп-өркендеуде. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталды. Ең ғажап қала – ол адамның бақытты болған жері. Баршамызды бақыт құшағына алған Қызылорда – біздің мақтанышымыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Мереке құтты болсын, қадірлі жерлестер!», – деді соңында Нұрлыбек Машбекұлы.

Гала концертте эстрада әншілері Ж.Ысқақова, Г.Оразымбетова, М.Сәдуақасова, Ж.Төлебай «Біздің Қызылорда» әнін шырқады. Сондай-ақ,  К.Әлімжан, Т.Төрәлі, О.Нұралиев, тағы басқа өнерпаздар көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сахна сәні, би қойылымдары мен бейнероликтер, арнайы дайындалған тақырыптық дрон шоу Қала күнінің мазмұнын байыта түсті. Салтанатты шараның шарықтау шегінде мереке аспанын мың бояулы отшашулар жарқыратты.

Таңбалар: жүз жылҚызылордамереке

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist