АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Украинадағы соғыста Беларусьтің кемінде 314 азаматы қаза тапты

МИНСК. 13 қазан. Ресейдің басқыншы армиясының сапында Украинадағы соғысқа қатысып, жаны жаһаннамға кеткен белорустар саны кемі 314 адам болады. Бұл туралы Nexta ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұндай деректі «Хочу жить» жобасы жариялады.
Оның мәліметі бойынша, аталмыш соғысқа 1 338 Беларусь азаматының қатысқаны белгілі болып отыр. Ал олардың төрттен біріне жуығы, яғни ширек бөлігі Кремльдің қанды қырғынының құрбаны болып кеткен.
Телеарнаның хабарлауынша, ажал құшқандардың көпшілігі Ресей түрмелерінде отырып, сондағы биліктің арбауына түсіп қалған, іштерінде белорустың арнайы жасағының бұрынғы сарбаздары да бар.
Қаза тапқандардың барлығы дерлік келісімшарт жасасқаннан кейін орта есеппен небәрі 6,5 айда оққа ұшып отырған.






