Эммануэль Макрон: Біз Ресейден төніп тұрған қауіпті бағаламадық

ПАРИЖ. 2 қазан. Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа елдері басшыларының Кремльден көтеріліп келе жатқан лаңкестікті аңғара қоймағандарын айтты, Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Француз лидері Ресейдің еуропалықтар үшін терроризммен айналысатын ең үлкен құрылымдық қауіп болып табылатынын Frankfurter Allgemeine Zeitung (FAZ) газетіне берген сұхбатында мәлімдеді. Ол санкциялық саясатты одан әрі тереңдете жалғастыра отырып, Ресейдің «көлеңкелі флотына» назар аударуға шақырды.
«Олар (Ресей – ред.) біздің сайлау процестерімізге кибершабуылдар жасау, оппозиция қайраткерлерін өлтіру және көші-қон тасқынын пайдалану арқылы біздің ұжымдық қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді, – деді Макрон. – Ресей қазір біздің әуе қорғанысын сынға салып жатыр және өзінің ядролық доктринасын өзгертті. Ресейліктердің жалған ақпарат, тіпті Франциядағы төсек құртының шабуылы туралы әңгімелерін тарату арқылы біздің қоғамдық пікірге ықпал ету дәрежесі бағаланбайды».
Француз көшбасшысының айтуынша, Еуропа елдерінің ашық қоғамдары ақпараттық соғыста осалдық көрсетеді. «Біз егер «Ресейдің құпия армиясының» біздің демократтарға қарай қалай бұрылғанын көрмесек, нағыз ашықауыз аңғал болғанымыз. Ол цифрлы боттар атанған кішкентай сұрықсыз жауынгерлерден құралады. Олар Франциядағы, Германиядағы және Еуропадағы демократияға манипуляция жасайды», – деп санайды Эмманюэль Макрон.






