Кремль жарамазаншысы Симоньян обырмен ауыратын болып шықты

МӘСКЕУ. 8 қыркүйек. Кремльдің ең белсенді насихатшыларының бірі Маргарита Симоньянның сырқаты қатерлі ісік екені анықталды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Журналистің өзі денсаулығында үлкен кінәрат бар екенін мойындады, сөз барысында оның оның онкологиялық кеселмен ауыратыны белгілі болды.
RT үгіт-насихат арнасының және «Россия сегодня» медиа тобының бас редакторы Маргарита Симоньян бұрнағы күні Владимир Соловьевтің бағдарламасында өзіне ауыр сырқат диагнозы қойылып отырғанын растады.
Симоньянның өзінің айтуынша, дәрігерлер ауыр диагноз қойған, оған ота жасалуы керек. Сонымен бірге ол кеудесінің сол жағын көрсетті, бұл оның онкологиялық ауруы бар деп болжауға негіз болды.
Симоньян қауесетті тоқтату үшін бұл туралы өзі айтуды жөн санағанын баса айтты. «Мен эфирге шығып, шындықты айтуым керек екенін сезіндім. Көрермендерді алыпсатарлықпен қоректендіргенше, оны өзім айтқаным дұрыс», – деді ол.
Кейінірек әңгімеде ол мастэктомия – сүт безін хирургиялық жолмен алып тастау туралы айтып, тарихтың мұндай азаптаулар анестезиясыз жасалған қайғылы беттерін еске алды.
Симоньянның диагнозы да ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда, The Moscow Times басылымының Симоньянға жақын БАҚ көзіне сілтеме жасап хабарлауынша, оған қатерлі ісік диагнозы қойылған және оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Мәнбе журналист диагнозының басқа мәліметтерін жарияламай отыр.
Қазір Маргарита Симоньян 45 жаста. Ол Ресей насихатындағы негізгі тұлғалардың бірі және Кремль диктатурасының жақын жақтасы ретінде танымал. Соңғы бірнеше жылда оның есімі Украина мен Батыс елдеріне қарсы жалған ақпарат тарату науқанына байланысты бірнеше рет аталды.






