25 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуропа Украинадағы бейбітшілікті қорғай алмайтынын мойындады

6 Қыркүйек 2025 23:31
- Жаңалықтар, Жаһан
Еуропа Украинадағы бейбітшілікті қорғай алмайтынын мойындады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 6 қыркүйек. Еуропа Украинадағы бейбітшілікті АҚШ-сыз, өз беттерінше қамтамасыз етіп бере алмайтынын ашып айтты. Бұл туралы Bloomberg ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украинаға қауіпсіздік кепілдігін бергісі келетін Еуропа елдері Уашингтонның қолдауынсыз мұны істей алмайды.

Еуропа елдерінің лидерлері өздерінің қорғаныс мүмкіндіктері әлі де шектеулі екенін алға тартып, тек АҚШ-тың ғана Украинаға нақты қауіпсіздік кепілдігін беретінін мәлімдеді.

Ресеймен бітімгершілік жасасу екіталай нәрсе және Украинаны ұзақ мерзімді қорғау қажеттілігі барған сайын айқын бола түсуде.

Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше, Еуропада спутниктік барлау, біріктірілген әуе қорғанысы және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері тапшы. Бұл аймақты толығымен дерлік Құрама Штаттар ғана қамтамасыз ете алады.

Американың әскери мүмкіндіктерін алмастыру еуропалықтарға шамамен триллион долларға, ал барлау ресурстарын толықтыру 5 миллиардқа жуық долларға түседі. НАТО Ресейдің Украинаға басып кіруіне тойтарыс беруде басты рөлді америкалық спутниктер мен технологиялар атқарғанын атап өтті. Чехия Сыртқы істер министрлігі қауіпсіздік департаментінің басшысы Вероника Штромсикова: «Бұл келісімнің бір бөлігі болуы керек, бұлай болмасы көзсіз соқырға айналасыз» дегенді баса айтты. Оның сөздері еуропалықтардың ортақ алаңдаушылығын көрсетеді: АҚШ болмаса, Украина мен оның одақтастары ресейлік қатерге дер кезінде жауап қайтара алмайды.

Еуропаның ұзақ қашықтықтағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі де жеткіліксіз. Әзірге негізгі қорғанысты америкалық патриоттар қамтамасыз етеді, олардың бір бөлігі, сондай-ақ француз-итальян SAMP/T жүйелері Украинаға берілді,

НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Прагада өткен саммитте одақтастардың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін кем дегенде бес есеге көбейту қажеттігін айтты. Швеция қорғаныс министрі Пал Йонссон континент өзінің экономикалық мүмкіндіктерін тез арада нақты әскери күшке айналдыруы керек дегенді баяндады.

Сонымен бірге, коалицияға кіретін 35 мемлекеттің 26-сы Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, – мейлі ол техника, әскер немесе оқу-жаттығу болсын, – өз үлестерін қосуға дайын екенін растады. Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-тың қандай қолдау көрсететіні алдағы күндері белгілі болатынын жеткізді. Еуропа көшбасшыларымен сұхбатында Дональд Трамп Ресейге ғана емес, Қытайға да санкциялық қысымды күшейтуді тағы талап етті.

Таңбалар: АмерикаЕуропақауіпсіздікУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist