«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчтар кестесі жария етілді

МОНАКО. 30 тамыз. УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осының нәтижесінде Алматының «Қайрат» командасының қай уақытта, қайда, кіммен ойнайтыны анықталды.
Белгілі болғанындай, алматылықтар өзінің беделді еурокубоктағы бірінші кездесуін 18 қыркүйек күні Лиссабонда жергілікті «Спортинг» клубымен өткізеді. «Қайрат» бұдан кейін 30 қыркүйекте Мадридтің «Реалын» өз алаңында, оңтүстік мегаполистегі Орталық стадионда қабылдайды. Бұдан әрі 21 қазанда осында Кипрдің «Пафосымен» шайқасады.
Алматылықтардың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойындарының толық кестесі мынадай:
18 қыркүйек. «Спортинг» (Португалия) – «Қайрат»
30 қыркүйек. «Қайрат» – «Реал» Мадрид (Испания)
21 қазан. «Қайрат» – «Пафос» (Кипр)
5 қараша. «Интер» Милан (Италия) – «Қайрат»
26 қараша. «Копенгаген» (Дания) – «Қайрат»
9 желтоқсан. «Қайрат» – «Олимпиакос» (Грекия)
20 қаңтар. «Қайрат» – «Брюгге» (Бельгия)
28 қаңтар. «Арсенал» (Англия) – «Қайрат».






