26 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» топтағы қарсыластары анықталды

28 Тамыз 2025 22:25
- Жаңалықтар, Сайыс
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» топтағы қарсыластары анықталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МОНАКО. 28 тамыз. Бүгін Монакода тартылған Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымдағы негізгі тобының жеребесі қорытындысында «Қайраттың» ендігі қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы «Советский спорт» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жеребе УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымдағы негізгі тобына жолдама алған 36 клубтың арасында жүргізілді. Осымен жаңартылған форматтағы турнир екінші рет өткелі отыр. Ол бұдан әрі топтарға бөлінбейтін Швейцария жүйесі бойынша ойналып, командалар біртұтас турнир кестесі аясында өзара кездесетін болады.

Турнирдің ресми күнтізбесі 30 тамыздан кешіктірілмей жарияланады.

Жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша үздік 8 команда бірден 1/8 финалға шығады. Ал 9-дан 24-орынға дейінгі орындарды алған командалар плей-оффтағы күресін жалғастыруға құқық алу үшін түйіспе матчтарда кездеседі. Сол сияқты 25-тен 36-орынға дейін жайғасқан жасақтар Еуропа лигасына өту мүмкіндігінсіз турнирден шығып қалады.

Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылдарғы маусымдағы финалдық ойыны 2026 жылдың 30 мамырында Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында ойналады.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне Алматының «Қайраты» бірінші рет шығып отыр. Ал бұдан тура 10 жыл бұрын, мұндай құқыққа қол жеткізу қазіргіден де қиын кезінде «Астана» командасы қазақстандықтар арасынан бірінші болып осы табан жолға қадам басқан еді.

Жеребенің қорытындысы бойынша «Қайрат» бұл турнирде «Реал» Мадрид (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен күш сынасады. Соның ішінде «Реал», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафос» командаларын Алматының Орталық стадионында қабылдайды. Ал қалған ұжымдармен солардың алаңдарына барып сынға түседі.

Турнирдің 1-туры ойындары 2025 жылғы 16-18 қыркүйек күндері ойналады. 2-тур 30 қыркүйек және 1 қазан күндері өтеді. Бұдан әрі турлар 21-22 қазан, 25-26 қараша, 9-10 желтоқсан, 2026 жылғы 20-21 қаңтар, 28 қаңтар күндері жалау көтереді.  Бұдан әрі плей-офф ойындарына кезек келеді.

Алматының «Қайратs» турнирдің негізгі кезеңіне шыққанына орай 18,62 млн еуро (шамамен 11,5 млрд теңге) көлемінде ақшалай табыс тауып отыр.

 

Таңбалар: топтық кезеңфутболчемпиондар лигасы

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist