Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Пермьдегі оқ-дәрі шығаратын зауытта мигранттар бүлік шығарды

ПЕРМЬ. 6 тамыз. Ресейдің Пермь қаласындағы оқ-дәрі зауытында жұмыс істеп жатқан Орталық Азиядан келген мигранттар бас көтерді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Пермь облысының полицейлері мигранттардың қатысуымен болған жаппай тәртіпсіздіктің алдын алды», – делінген Ішкі істер министрлігі облыстық бас басқармасының telegram-каналының хабарламасында. Онда айтылғандай, қазір қаладағы Киров ауданының «Қырым» шағын ауданындағы жағдай бақылауда: полицейлер «қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде өздерінің жоспарлы жұмыстарын атқарып отыр. «Жаппай тәртіпсіздіктерге жол берілмеді», – деп атап өтті Ішкі істер министрлігі.

Бұған дейін жергілікті telegram арналары мен БАҚ тұрғындарға сілтеме жасай отырып, аймақта толқулар орын алғанын хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, жанжал Пермьдегі оқ-дәрі зауытында жұмыс істейтін бір топ мигранттың сондағы бір әйелді киіміне қарап балағаттауынан басталған. Орталық Азия өкілдеріне оның жұмысқа джинсы мен жейде киіп келгені ұнай қоймаған. Сондықтан әйелге сын таққан. Ал келіншектің күйеуі сол жерде бұларға жауап қайтаруға тырысқан. Содан жанжал туып кеткен. Мигранттар ерлі-зайыпты екеуді ұрып тастаған. Олар жарақат алып қалады.

Куәгерлердің айтуынша, «қоғам лидері» атанған мигранттардың бірі қаладағы барлық әйелдер киім киісте «мұсылман салтын» сақтауы керек дегенді айтқан.

Осыдан кейін жағдай федералды деңгейде қозғала бастады. Мемлекеттік думаның еңбек және әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің басшысы Ярослав Нилов News.ru сайтына берген түсіндірмесінде Пермь оқ-дәрі зауыты сияқты стратегиялық кәсіпорында шетелдік жұмысшылардың қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екенін айтты. Оның ойынша, олардың жұмысқа қаншалықты заңды орналасқанын, құжаттарының көші-қон талаптарына сәйкестігін тексерген жөн. Ол режимді нысандарда шетелдіктердің болуы қауіп тудыруы мүмкін екеніне, оның ішінде құпия ақпараттың сыртқа тарап кетуі жағына баса назар аударды.

Нилов мигранттарды жұмысқа қабылдауды білікті кадрлардың қатты тапшылығымен байланыстырды. Депутат атап өткендей, жас мамандардың әскер қатарына алынып кетулері жиіледі, сондықтан олардың орындарын тез арада толтыратын адам табу қиын, осыған байланысты зауыт басшылығы еңбек мигранттарының көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Әңгіменің аңысына қарағанда, айтылып отырған мигранттардың бәрі Өзбекстанның тұрғындары сияқты. Бірақ бұл жағы ашып айтылып отырған жоқ.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button