25 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зілзала қатері төнген Алматының «соңғы үміті» бақсылар ма?

ЖЕКЕ ПІКІР

21 Наурыз 2024 21:36
- Көзқарас
Зілзала қатері төнген Алматының «соңғы үміті» бақсылар ма?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қазақ бақсыларының Алматыда өтетін құрылтайы баннерінің төбесіне «Ұлы даланың соңғы үміті» деп жазылыпты. «Үмітсіз – шайтан» дейді ислами діни сана.

Молдалар зілзала секілді тылсым табиғаттағы апатты адамдардың «азғындауынан» көреді. Сондықтан зілзаланың алдын алудың әрекеті ретінде жұртты жаппай намазға жығылуға, мешітке пітір-садақа беруге, ораза ұстауға, ораза ұстамасаң ақша төлеуге, қажылық жасауға… шақырады. Қысқартып айтсақ, болу яки болмауы екіұшты зілзаланың жауапкершілігін алдын ала адамдардың мойнына іліп қояды. Ислам шарттарын орындамайтындар көбейіп кетсе, Құдай қаһарына мініп зілзала жасап тұрғындарды жазалайды-мыс.

Молдалар Құдайдың қаһарымен қорқытатын бұл насихаттың дәлелі ретінде Құрандағы «Зілзала» сүресін зуылдатып оқиды, басқаларға да «Алла сақтай гөр!» деп осы дұғаны оқыңдар дейді. Ақиқатында, Ақиқат пен Мейірім де Құдайдың басты сипаты, «Зілзала» сүресінің Алматыны жиі тербейтін жер сілкінісіне қатысы жоқ. Құрандағы «Зілзала» сүресі «ақырзамандағы», «қиямет күніндегі» жағдайды түсіндірудің сипаттамасы ғана. Иран және Түркия халқының мұсылманшылдығы алматылықтардан әлденеше күшті. Онда «Құдай неге түріктер мен парсыларға қаһарын төгіп, пәленбай мың мұсылманды жер жастандырған жер сілкінісін жасады?!» деген заңды сұрақ туады.

«Бақсылар Алматы мен Алматы маңында ұйысқан энергетикалық қысымның бетін қайтарады» демеймін. Бірақ бақсылардың ниеті дұрыс сияқты. Бақсылар молдалар секілді зілзала қаупінің жауапкершілігін қарапайым адамдардың мойынына шешілмейтін қамыт қылып ілмейді, мешіт бизнесін қыздыратындай құйтырқы алаяқтық әрекетке бармайды.

Бақсылар трансқа кіріп, Алматыда отырып Көктегі Тәңірімен байланысқа шығып, мегаполис маңына тұйықталған жер асты энергиясын аластап, Тәңіріден сол жамандықты жеті қат Көкке қарай алып кетіп, оның адамзатқа зиянын тигізбейтіндей метеорит секілді майдалап жіберуді жалбарынып сұрайтын шығар. Бақсылар соған сенеді. Сене берсін, олардың бұл ісінен алматылықтарға зиян жоқ қой. Қайта халық зілзала үшін өзін күнәһар сезінбейтін болады, алматылықтардың алабұртқан көңілі жайланып қалады.

Бақсылар «Ұлы даланың соңғы үміті» болса да, алматылықтардан ақша сұрап бәлсініп жатқан жоқ. Тәңірші-бақсылардың молдалардан басты айырмашылығы осы ғой…

Ораз ӘЛІМБЕКОВ

 

Facebook

Таңбалар: Алматыбақсыларжер сілкінісі

Ұқсас мақалалар

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist