Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Камбоджа-Таиланд шекарасында ұрыс қимылдары жалғасып жатыр

БАНГКОК. 26 шілде. Бұдан екі күн алдын Камбоджа мен Таиланд арасындағы жер дауынан басталған ұрыс қимылдары барған сайын кең қанат жайып барады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ескі аумақтық даудың шиеленісуі Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығысқа алып келді. Осыдан кейін Таиландта 100 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетті.

25 шілде, жұма күні Камбоджа мен Таиланд шекарасындағы ұрыс екінші күнге ұласып, онда артиллерия, ауыр техника және ұшақтар қолданылды. Екі ел арасындағы ондаған жылдар бойы қайнап келе жатқан аумақтық қақтығыс күрт ушыға түсті. Бұған дейін Таиланд пен Камбоджа дипломатиялық қарым-қатынас деңгейі төмендеп кеткен еді. Оған тай сарбазы даулы аумақта жаяу әскерге қарсы минаны басып кетуі себеп болды. Бангкок сол кезде елшілерін кері шақырту туралы шешім қабылдады.

Шекарадағы атыс 24 шілде, бейсенбі күні басталды. Бірақ тарап бұл үшін бірін-бірі айыптады. Тай билігі Камбоджаның ауыр артиллерия арқылы әскери және азаматтық нысандарды атқылағанын айтты. Бұған жауап ретінде Таиландтың F-16 жойғыш ұшағы Камбоджадағы нысандарға соққы берді.

Ұрыс жұма күні де жалғасты. «Камбоджа қарулы күштері ауыр қару-жарақпен, далалық артиллериямен және БМ-21 «Град» көп сатылы зымыран жүйелерімен үздіксіз атқылады», – делінген Таиланд армиясының мәлімдемесінде. Таиланд әскерлері «тактикалық жағдайға сәйкес тиісті жауап атысымен» жауап берді. «Екі армия бір-бірінің позицияларын атқылау үшін ауыр артиллерияны қолдануды жалғастырды», – деді Камбоджа қорғаныс министрлігінің өкілі.

Таиландтың денсаулық сақтау министрлігі шабуылдардан кемінде 14 адам қаза тапқанын хабарлады. Таиландтың шекаралас аймақтарындағы 100 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетті.

Таиланд пен Камбоджа 817 шақырымдық (517 миль) шекарасына ғасырдан астам уақыт бойы дауласып, бірнеше рет қарулы қақтығыстарға алып келді. Қақтығыстың ортасында Прэахвихеа ғибадатхана кешені мен оның айналасындағы жерлердегі жағдай жатыр. Ғибадатхана 2008 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген және оған екі ел таласып отыр.

2025 жылдың мамыр айында атыс кезінде Камбоджа сарбазының қазасынан кейін ахуал қайтадан ушыға түсті. Енді Таиланд Камбоджаны даулы аумаққа жақында жаңа миналар қойды деп айыптайды. Пномпень мұны жоққа шығарып, миналар көп жылғы азамат соғысының нәтижесі деп отыр.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі ұрысқа байланысты жұма күні шұғыл жиын өткізді», деп хабарлайды AFP. Кездесу Камбоджа премьер-министрі Хун Манеттің өтініші бойынша шақырылды.

Бүгін, сенбі, 26 шілде күні Камбоджа әскерлері шекараны көктей өтіп, Трат провинциясындағы үш нүктері басып алмақ болған, бірақ тай сарбаздары оларды кері қуып тастаған.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button