АЛМАТЫ. 21 шілде. Экс-президенттің жалғыз қарындасы – Әнипаның меншігіндегі миллиардтаған теңгелік контрабанданың ордасы болған компанияға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Алматы соты миллиардтаған теңгенің контарбандалық тауарларын тасымалдаған байырғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компанияның үстінен үкім кесті.
Қаржы мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, тергеу барысында уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие «Group of the Companies TDA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қытайдан Қазақстанға тұтыну тауарлары тиелген 100-ден астам контейнерді контрабандалық жолмен заңсыз әкелген.
Бұдан бөлек, компания қарамағындағы 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жалған шот-фактуралар жасаған. Осылайша мемлекетке 10 миллиард теңгенің залалын келтірген.
Тергеу-тексеру кезінде мемлекет бюджетіне 643 миллион теңге қайтарылған. Сот шешімімен 1,3 миллиард теңге болатын тауарға – күдіктілерге тиесілі 300 миллион теңге сомасындағы мүлікке шектеу қойылған.
Бұған қоса, аталған компаниямен байланыстағы 47 серіктес кәсіпорын өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғалар мүлкі тәркілене отырып, 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.
2022 жылы маусымда Қазақстанның Бас прокуратурасы «Group of the Companies TDA» компаниясының тауарларды рәсімдеу кезінде заңбқзушылықтар жасағаны анықталғанын хабарлаған. Ашық мәнбелерде бұл компанияның құрылтайшыларының бірі Әнипа Назарбаева екені айтылған. Электронды үкімет базасындағы құжатта Group Of The Companies Tda серіктестігінің тағы бір құрылтайшысы Әли Жанболатұлы Қылышпаев әрі осы компанияның директоры деп жазылған-ды.
USD




