17 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

РӘБИҒА АПАЙДЫҢ АРАЛЫ

(Бір деректен – бір дерек)

27 Маусым 2025 08:22
- Жаңалықтар, Таным
РӘБИҒА АПАЙДЫҢ АРАЛЫ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Академик Рәбиға Сыздықтың ғұмырнамасындағы дәл осы тұсқа аса назар аудара қоймаппыз. Өмірбаяндық деректерін қанша рет қарап жүргенімізбен, тап сол мәлімет көзімізге түспепті. Рәбиға апамыз бала кезінде екі жылға жуық уақыт Арал қаласын мекендепті. Әттеген-ай, ертерек білсек, бұл тақырыпқа тереңірек бойлап, індетіп әңгімелесер едік қой. «Төрт жасыма дейін Ойылда тұрдық. Төрт жасымнан бастап менің өмірім жол жүрумен, бір жерден екінші жерге көшумен болды. Шамасы әкеміз телефон, телеграф, пошта істерін білетін аз адамның бірі болуы керек, қай жерде жаңадан аудан ашылып жатыр, қай жердің байланысын күшейту керек, соған бір жыл өтер-өтпестен әкемізді ауыстырды да отырды», – деп жазады Рәбиға апай. Кейін олар Ақтөбеге көшеді. Әкесі Сәтіғали Құтқожин Ақтөбеде бір жарым жыл жұмыс істеп, Табын деген ауданға (қазіргі Байғанин ауданы) жіберіледі. Тағы да көшу…  Ат арбаға жүк арту… Жол-жөнекей аялдау…

Рәбиға көкжөтелге ұрынып, жыл бойы ауырып, Табынның мектебіне барып жарытпайды. Содан көктем шыға, оқу жылы аяқталғалы жатқанда ғана басын көтереді. Мұғалім үйге келіп тұрады, ағасының қасында отырып өздігінен оқиды, әйтеуір екінші класқа көшті деген қағаз алады.

Әрі қарай апайдың жазбасы былайша жалғасады: «Сол жылдары жаңадан ашылған Арал ауданына әкемді байланыс бөлімінің бастығы етіп жіберді. Сол Табынның өзінде тұрғанда ашаршылық басталған-ды. Қайыр сұрап балалар келетін. Тамақ ішіп отырғанда келсе, анамыз: «анау жегендеріңнен бере қойыңдар» дейтін. Сол кезде Аралға көштік. Ол үшін алдымен Ақтөбеге ат арбамен үш-төрт күн жүріп бардық. Анамыз айтып отыратын. «Ой, Ақтөбеге көшкенше зәреміз қалмады. Бірде ересек адамдар бір жаққа кетіп, онға толмаған Хамитті ес көріп, қолына балта ұстатып қойдық», – деп. Ақтөбеден Аралға пойызбен бардық. Ең бірінші пойызды көргенім сол». Бұл да қызық дерек. Рәбиға апай пойызға алғаш рет біздің Аралға барған кезде мініпті.

Биылғы ақпанда «Кызылординские вести» газетінде «Арал в составе Актюбинской области» деген мақала жарияланыпты. Архив материалдарына сүйенген Жұмабек Сәрсенбин деген автор 1932 жылғы қаңтарда Қазақ Орталық атқару комитетінің арнайы протоколы шыққаны, соған сәйкес алты өңір – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарын құру туралы шешім қабылданғаны туралы жазады. Осыған сәйкес 10 наурызда Ақтөбе облысы құрылып, құрамында 17 аудан енгізілген. Соның бірі – Арал ауданы. Арал аймағы алты жылдан кейін Қызылорда облысына қосылған.

Демек, Рәбиға апай Аралға сегіз жасында келген. Мұндай кезде көрген-білгеніңнің бәрі миыңа желімдей жабысып қалады. Ардақты апамыз да ешнәрсені ұмыт қалдырмағанға ұқсайды. «Аралда да аштық екен. Бірақ біздің үй ашыққан жоқ. Ол кезде де үкімет адамдары керек болған ғой. Жабық магазиндері болған, оны «двадцатка» деп атапты. Қыста ғой деймін, мектепке бара жатқанда аштықтан құлап жатқан екі адамды көрдік. Өлген бе, білмейміз. Қайтқанша жинап алады», – деп ой толғайды.

Болашақ ғалым Табында жүргенде бірінші класты мектепке тұрақты барып оқуға мүмкіндігі болмағанын айттық. Ол осы олқылықтың орнын Аралда толтыруға тырысады. Сол сәтте басынан өткенін зердесіне өшпестей етіп таңбалапты. Әрі қарай кеттік. «Бірінші рет мектепке 2-класқа барғаным есімде. Мұғаліміміз татар кемпір болды. Сол кезде шығып тұратын «Пионер» газетінен өлеңдер жаттатып, айтқызатын. Басқа еш нәрсе үйретпейтін. Сөйтіп, 2-класты бітірдім. Хамит жазғанда мен де жайып қойып, жазу жазып отыратынмын. Хамитпен бірге есеп шығаратынмын. Мектепте жөндеп оқытқан жоқ. Әйтеуір бір ауырып, бір тұрып жүріп, 2-класты бітірген болдым.

Енді 3-класты оқимын деп отырғанда, әкемізді Темір деген ауданға жіберді. Ақтөбеге келіп, Ақтөбеден Темірге машинамен көштік».

Міне, ҰҒА академигі, әйгілі тілші ғалым Рәбиға Сыздықтың ғибратты ғұмырнамасының Аралға қатысты үзігі осы ғана… Бірақ соның өзінен біршама тағылымды тұжырым жасауға болар еді. Біріншіден, ол Аралда 1932-33 жылдарда, яғни, шамамен бір жыл ғана болған. Бұл оның сегіз-тоғыз жастағы кезі. Сонымен, тоқсан бес жас жасаған ғұлама ғалымның өнегелі өмірінің бір жылы осынау өңірде – айдынды Аралда өткен. Екіншіден, алапат аштықтың құрбандарын осы ауданда жүргенде өз көзімен көрген. Ендеше, титімдей ғана Рәбиға Сыздық балығы тайдай тулап жатса да үркіншілікке ұрынған Аралды алқымдаған аштықтың куәгері саналады. Үшіншіден, оның алғаш рет тиянақтап барған мектебі – осы Аралдағы мектеп. Бұл да – елең еткізерлік дерек.

Міне, ғылымның шығармашылық өмірбаянын зерттеушілерге де, Аралдың ақиқатын ақтарып, шежіресін жасаушыларға да тағы бір тың тақырып табылды. Аралдың архивін бір қопарып көрсе ғой, шіркін. Сәтіғали көкеміздің де дерегі шығуы әбден мүмкін-ау. Кішкене қыздың оқығаны қай мектеп екен өзі? Рәбиға апайымыз Аралдың кемерінен асып-төгіліп, шалқып-тасып жатқан дәуірін де көрді-ау, ә? Неге сұрамадық екен кезінде соның бәрін… Өкініш… Қайтесің?!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

2024 жыл

«Шағала» жинағынан

Таңбалар: АралөмірбаянРәбиға Сыздық

Ұқсас мақалалар

Қамыстыбас туристік әлеуетінің инфрақұрылымы дамытылатын болады
Дәулет

Қамыстыбас туристік әлеуетінің инфрақұрылымы дамытылатын болады

06.06.2026
Ынтымақтың ұясы – Шүкірбаевтар шаңырағы
Әлеумет

Ынтымақтың ұясы – Шүкірбаевтар шаңырағы

12.12.2025
Сүйінші! Қызылордада ДДҰ-ның өңірлік офисі ашылатын болды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қызылордада ДДҰ-ның өңірлік офисі ашылатын болды

21.09.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist